Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл

Қарағанды қаласының ОКЖ қызметкерлері мереке қарсаңында «Менің Қарағандым» акциясы аясында сүйікті қаламыздың есте қаларлық және тарихи орындарына шағын экскурс жасауды ұсынады. Қарағанды қаласы, бұл Қарағанды облысының ірі индустриалды-өнеркәсіптік, ғылыми және мәдени орталық. 1934 жылдың 10 ақпанында Қарағанды қаласы мәртебесіне ие болды. Жыл сайын біздің қаламыз өсіп, дамып келеді. Қазір Қарағанды қаласы бізді заманауи сәулет ансамбльдерімен, кең даңғылдармен және көп қабатты ғимараттары бар көшелермен, жасыл саябақтармен және гүлзарлармен, театрлармен, мұражайлармен қуантады… Достар, егер сіздер қаламыздың тарихы туралы қосымша ақпаратты білгілеріңіз келсе, мына сілтеме бойынша өтіңіз:

http://www.csmb.kz/index.php/ru/onlajn-biblioteka

2021 жылдың 29 қаңтарында «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ «Zoom» платформасы арқылы кітапхана-филиалдары қызметкерлері мен оқырмандар үшін «Зейнетақы заңнамасын түсіндіру, атап айтқанда БЖЗҚ-дан қаражатты мерзімінен бұрын алу туралы» тақырыбында «БЖЗҚ» АҚ Қарағанды облыстық филиалының көшпелі қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы Ақмарал Түсіпбекованың қатысуымен құқықтық жаппай оқыту өткізді.
Жалпы оқыту шеңберінде маман тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға, емдеу рәсімдерін немесе дәрі-дәрмектерді төлеуге, сондай-ақ жинақтарды жеке меншікке беру туралы мәселелерді назарға алды, онда азаматтарға жеке зейнетақы жинақтарын қай басқарушы компанияға сеніп тапсыруды өздері шешуге мүмкіндік беріледі.
Соны мен қатар, салымшылардың жинақтарды аудару кезінде жеткіліктілікшегіне насыра алмайтындығы түсіндірілді. Басқаша айтқанда, азаматтар жинақтардың бір бөлігін ғана пайдалана алады. Қалған қаражат ҚР Ұлттық Банкін де болады.
Әңгімелесу шеңберінде «БЖЗҚ» АҚ электрондық порталын түсіндіру және кіру қадамдары бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.

001  002

003  004

«Бір ел –бір кітап» республикалық акциясы қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған. 2021 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. Назарларыңызға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» тізімін ұсынамыз. Акция аясында ел болып оқитын кітаптар оқырман жүрегінен орын табады деген сенімдеміз.

Туған өлкенің жұлдызды есімдері

Яндекс.Метрика