«Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де өткізілген іс-шаралар туралы
Ақпарат
«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-де кітапхана қызметінің негізгі мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңеске ОКЖ қызметкерлері 35 адам қатысты. "Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ директоры Г.К. Ахметкаримова өз сөзінде түгендеуді жүргізу мерзімдері мен ережелері, материалдық-техникалық базаны сақтау және есептен шығару бойынша жауапкершілік, кері байланыспен сигнализация технологиясы, жалақыны есептеу кезіндегі өзгерістер, негізгі бақылау көрсеткіштерін орындау сияқты маңызды мәселелерді қозғады. Программист Д.Д. Сейтбаева Гугл дискіде орналастырылған "Негізгі критерийлер бойынша кітапхана қызметінің мониторингі" кестесін толтыру бойынша тренинг өткізді және бұлтты қоймамен, атап айтқанда, мәдениет бөліміне жіберілген ОКЖ жоспарлары сақталған әдістемелік бөлімнің папкасымен таныстырды. Миллер Т.В. әлеуметтік желілердегі кітапхана-филиалдардың жұмысы бойынша талдау жасады. Өлкетану бөлімінің қызметкері М.К.Саменова С.Сағынтайдың шығармашылығы бойынша эссе жазу конкурсына қатысу шарты туралы айтып берді, ҚҰжП меңгерушісі Р.А.Бөлекбаева әдебиеттерді есептен шығару мәселесін қозғады. Семинар-тренинг соңында "Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ директоры Г.К.Ахметкаримова кітапханашылардың сұрақтарына жауап берді.