Құрметті оқырмандар және де желі қолданушылары! Сіздердің назарларыңызға "Мобильді кітапхана" жайлы ақпаратты ұсынамыз.

" width="560" height="315" frameborder="0" allowfullscreen="allowfullscreen">
Қайырлы күн құрметті әлеуметтік желі оқырмандары! №1 жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапханасының,«Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында Zoom платформасында «Ұлт қасіретін көрсеткен жазушы» ақын, журналист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Досжан Сәуле Мағазбекқызының «Қасірет пен тағдыр» кітабының таныстырылымы, және онлайн кездесу өткізілді. Іс – шараға № 34 ЖББМ – тің 4 «Ә»сынып оқушысы Аманжолов Бекмұрат және кітапханашысы Жолдыбекова Г.А., және Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы (Орталық) өңірлік қолбасшылығы 5451 әскери бөлімі қатысты. Кітапхана меңгерушісі Сәуле Мағазбекқызының өмірбаяны туралы әңгімеледі, слайд – презентация көрсетілді, балалар Сәуле Мағазбекқызының өлеңдерін жатқа оқыды. Іс – шара соңында Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы (Орталық) өңірлік қолбасшылығы 5451 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Адимов Жалғас «Сарбаздар маршы» өлеңімен аяқтады.

2021 жылы 9 сәуірде «Қарағанды ​​қаласының орталық кітапханалар жүйесі» КММ-нің 16 филиалының кітапханасында оқырмандар мен жазылушылардың назарына Баубек Бұлқышевтың105 жылдық мерейтойына орай « Шинель киген журналистер» атты кітап экспрессі ұсынылды. Баубек Бұлқышев- - қазақ жазушысы. Оның ерекше жазушылық таланты ең ауыр сынақтар жылдарында гүлдене түсті. Ол әскери очерктер мен публицистика жазды. 1946 жылы Мәскеуде «Солдат өмірі» жинағы жарық көрді, оның құрамына Б.Бұлқышевтің алдыңғы қатардағы публицистикасы енді. Жазушының көркем мұрасы 1948 жылы М.Иманжановтың редакторлығымен жарық көрген «Өмір бізге тиесілі», сондай-ақ «Жауынгер өмірі» (1965 ж. Құрастырған Д.Әбілев, алғы сөзі) кітабында жинақталған. Ғ. Мүсірепов).

Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға "Байқоңыр-Халықаралық ғарыш айлағы" атты слайд презентацияны ұсынамыз.
#29кітапханаұсынады #байқоңыр #ғарышайлағы

Қазақ публицистерінің арасында ғарыш тақырыбын алғаш жазған авторлардың бірі – Жүсіпбек Қорғасбек. «Қазақ әдебиетіндегі» «Туған тұғырдан ғарышқа» ұшар деп үміттенген қос қазақтың бірі – Совет Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіров» /ҚӘ. 1991, 25 қаңтар/ – деген Жүсіпбек Қорғасбековтің мақаласы газет бетіне алғаш басылды. Мақалада Тоқтар қазақ жұртына тұңғыш рет таныстырылды. «…Ол Тоқтар Әубәкіровтің туған жер төсінен, Байқоңырдан космосқа сапар шегуге мүмкіндік алуы болып отыр… Өйткені, біз үшін қазақ азаматының ғарышқа ұшуы – қазақ жерінің осыған дейін космосты игеруге қосқан орасан зор үлесінің символы іспетті көрінері хақ…» – деп тебіренеді Жүсіпбек Қорғасбек ағамыз.

Яндекс.Метрика