Бүгін, 2024 жылдың 6 сәуір күні Қарағанды қаласының әкімдігі, "Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ, сондай-ақ "Меридиан" туристік фирмасының қолдауымен "Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ-де Қарағанды қаласының 90 жылдық мерейтойы аясында "Тарихтан сыр шертеді, менің қалам" ақпараттық экскурсиясы бастау алды.
Бұл экскурсияның мақсаты - балалар мен жасөспірімдерді туған қаласы туралы қызықты деректермен және тарихымен таныстыру, әрі қарай олардың туған өлкенің тарихын зерттеуге деген қызығушылықтарын ояту.
Жоба аясында "Султик" жан-жақты даму клубының қатысушылары, "Өнерлі бала" поэзия-шығармашылық клубының мүшелері және белсенді ата-аналар үшін алғашқы экскурсия өткізілді.
"Білуге уақыт келді!" ұранымен автобус қала көшелерімен жүріп, экскурсовод Гульжан Социаловна Кударинованың жетекшілігімен оның терезелерінен ұлдар мен қыздар қаланың маңызды нысандарын көріп, олардың тарихымен танысып, Қарағанды туралы көп мағлұматтар білді. Экскурсия аясында балалар Қарағанды қаласының негізгі аудандары - Майқұдық, Михайловка, Оңтүстік-Шығыс аудандарын аралады. Экскурсия барысында кітап оқуды насихаттау жүргізілді, балаларға маршрутқа байланысты кітаптар туралы айтылды, ойындар мен флешмобтар өткізілді. Экскурсия қызықты, танымды және позитивті өтті. Барлық қатысушылар риза болып, жоба өз мақсатына қол жеткізді.
 
435899443 956955199433624 7741180464184974928 n копия     435972455 956955252766952 6915161467047727149 n копия     436130281 956955132766964 4060306800607580585 n копия

«Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана «90 жылдыққа 90 кездесу» жобасы аясында ҚР құрметті спорт қайраткері, Облыстық мәслихат депутаты, «Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжі» КММ басшысы Ерден Балтабайұлы Халилинмен «Аманат арқалаған азамат» атты кездесу кеш өтті. Кездесу кешіне еркін күрестен спорт шебері, қазақ күресінің бапкері, ұлттық дәрежедегі қазақ күресінен төрешісі Оспанов Серік Төлеуұлы, ардагер ұстаз Аққожин Сағынтай Жұмажанұлы, «Екі Мәрте Кеңес Одағының Батыры Т. Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінің оқушылары, Қазақстан Республикасы ұлттық ұланының 6505 әскери бөлімінің сарбаздары, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттері қатысты. Кездесуде Ерден Балтабайұлы өзінің өмір жолында тұлға болып қалыптасуындағы спорттың орны жөнінде айтып, қоғамдық қызметі, өмірдегі жетістіктерімен бөлісті. Сонымен бірге спикер бүгінгі қазақстандық спорттың деңгейі, ондағы қарағандылық жас спортшылар туралы тақырыптар төңірегінде ой өрбітті. Кітапхана оқырмандары кеш кейіпкеріне бүгінгі қоғамдағы жастар мәселесі, патриоттық тәрбие берудегі спорттың маңызы жөнінде сұрақтар қойып пікір алысты.

Рисунок1   Рисунок2   Рисунок3

Құрметті қарағандылық жыр сүйер қауым, сіздерді айтыскер ақын Аманжол Әлтаевтің өлеңдері бойынша "Тұлпар мінезді қазақтың баласымын" атты байқауға қатысуға шақырамыз. Осы электронды поштаға This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. өтінімдеріңізді жіберуге болады.

WhatsApp Image 2022 03 25 at 14.37.28

82ca6e20cf141348bf9e283c173c8cd0 1

82ca6e20cf141348bf9e283c173c8cd0 2

82ca6e20cf141348bf9e283c173c8cd0 3

Құрметті қарағандылық жыр сүйер қауым сіздердің назарларыңызға М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада, Н.Назарбаев даңғ, 45 үй мекенжайы бойынша, 11 қазан күні сағ: 10/00-де өтетін айтыскер ақын, филология ғылымдарының докторы, ҚР - ның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет орденінің" иегері, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Аманжол Әлтаевтың "Тұлпар мінезді қазақтың баласымын" атты байқауға қатысуға шақырамыз. Осы электронды поштаға This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. өтінімдеріңізді жіберуге болады.
Ережемен танысып өз бақтарыңызды сынап көріңіздер.

Обложка А.Алтай

ереже 0003

ереже 0004

Құрметті оқырмандар!

Сіздерді 2022 жыл "Балалар жылы" деп жариялануына және М.О.Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай "Қорғансыздың күні" әңгімесі мен "Қараш-қараш" повесіне талдау жасап, эссе жазу байқауына шақырамыз. Осы электронды поштаға This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. өтінімдеріңізді жіберуге болады.

WhatsApp Image 2022 03 25 at 12.24.46

WhatsApp Image 2022 03 25 at 12.24.24

WhatsApp Image 2022 03 25 at 12.24.25

WhatsApp Image 2022 03 25 at 12.24.25 1

Ішкі категориялар

Яндекс.Метрика