Қарағанды қаласы әкімдігінің, "Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ қолдауымен 22-26 сәуір аралығында "Қарағанды қаласының ОКЖ" КММ қызметкерлері Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы "Каталогтаушы мектебі" біліктілікті арттыру курстарында оқудан өтеді. Бірінші күні кітапхана бойынша таныстыру экскурсиясы және ҚР ҰК-ның ғылыми-әдістемелік қызметімен танысу өткізілді.

440091640 966068641855613 3990003152321238745 n   439074002 966069478522196 180329521147545651 n   439338061 966068691855608 5351314596760894162 n

2024 жылдың 19 сәуір күні «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ қызметкерлері Астанадағы Президенттік орталықта болып, кітапхана мен мұражайды аралап, тәрбиелік мәні бар тағылымдық кездесуге қатысты.

439272508 966023248526819 483813148415643585 n    439287040 966023231860154 4097549585921566667 n   439313703 966023325193478 9123529805100869969 n

«Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана «90 жылдыққа 90 кездесу» жобасы аясында ақын, сазгер, журналист Сәтибеков Дәулет Ырысбайұлына арналған «Сұңғыла ойдың шырағын жаққан ақын...» атты еске алу кеші өтті. Кешке академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері, кітапхана оқырмандары қатысты. Кездесу кештің спикерлері ҚР мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының докторы, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің профессоры, Қойлыбай Дәулетқанұлы Асанов, ақын, журналист, Қазақстан жазушылар одағы Қарағанды облыстық филиалының директоры Жанат Жаңқашұлы, ақын, Жазушылар Одағының мүшесі Ерқанат Кеңесбекұлы, Д.Ырысбайұлының ұрпақтары, журналист, филолог, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Әлімжан Құтжан қатысты. Тағлымы мол шарада өзінің қысқа ғана ғұмырында көптеген өлеңдер жазып кеткен Дәулет Ырысбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайында қаламдас-достары ақынның шығармашылығымен, өмір жолы жайында естеліктерімен бөлісті. Еске алу кешінде Д.Ырысбайұлының ұрпақтары шығармашылығынан үзінділер оқыды, №6 ЖББМ 10-сынып оқушысы Токашев Абылай Дәулет Ырысбайұлының «Қарағанды вальсі» әнін орындады.

424868408 959827429146401 5846470571610454295 n     424916280 959827552479722 7177138116376558139 n

2024 жылдың 19 сәуір күні Қарағанды қаласы әкімдігінің, "Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ, "Меридиан" туристік фирмасы және «Қарағанды қаласының ОКЖ" КММ-ның қолдауымен жасөспірімдерге қызмет көрсету бойынша №2 кітапхана-филиалымен бірге №42 мектеп оқушыларына қаланың 90 жылдығы аясындағы екінші экскурсия өтті.
Экскурсия аясында балалар қаланың негізгі аудандары - Пришахтинск, Жаңа қала, Оңтүстік-Шығыс, Майқұдық аудандарына барды.
Экскурсия барысында оқу мен әдебиетті насихаттау жүргізілді. Балалар маршрут аясында шығармалармен танысты.
Қазақстан дәстүрлерін білуге арналған ойындар, флэшмоб, викториналар өткізілді.
 
439053724 964428048686339 8499391205612253502 n     439064219 964428148686329 8394571450604782228 n    439236186 964428178686326 8279602810613106684 n
10 сәуірде Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімінде "90 жылдыққа - 90 кездесу" жобасы аясында композитор, ақын және педагог Людмила Евгеньевна Мельниковамен шығармашылық кездесу өтті.
Іс-шараға академик Е .А.Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектептің 2 "В" сынып оқушылары қатысты. Автордың өзі №45 гимназияның 5 "В" сынып оқушысы Тойшибекова Лунарамен, № 30 білім беру мектебінің 7 "Г" сынып оқушысы Аня Савченкомен бірге әндерін орындады. Людмила Мельникованың авторлық өлеңдерін академик Е.А.Бөкетов атындағы мектептің 1 "Г " сынып оқушылары Чернецкий Артем және Попова Вероника оқыды.
Іс-шара жарқын, жағымды нотада өтті - балалар автордың әндерін тыңдап, шырқады, белсенді сұрақтар қойып, әңгімеге қатысты. Олар үшін Людмила Мельникованың әндеріне анимациялық клиптер мен мультфильмдер көрсетілді.
Кездесудің мақсаты - балаларды қарағандылық балалар композиторымен таныстыру және олардың назарын Қарағанды қаласының 90 жылдық мерейтойына аудару.
 
436150465 959289012533576 8066273939846956055 n      436358368 959288862533591 3320963777825537525 n     436614262 959289055866905 5014132541491439797 n

Ішкі категориялар

Яндекс.Метрика