«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен «90 жылдыққа – 90 кездесу» жобасы аясында Біржан сал Қожағұлұлының 190 жылдығына орай ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қ.Байжанов атындағы облыстық филармонияның әншісі Ержан Базарбековпен «Әуенімен қалықтаған Біржан» атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешке ақын, өнертанушы Жұмкен Кәрімұлы, Қарағанды қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұяқов Ғабит Шораұлымен ардагерлер кеңесінің мүшелері, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері мен оқытушылары, «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының оқытушылары және кітапхана оқырмандары қатысты. Кездесу барысында Ержан Базарбеков өз шығармашылығы бойынша оқырмандармен пікір алыса отыра әндерін орындады. Кездесуге қатысушылар дәстүрлі ән өнерінің шебері Ержан Базарбековке ризашылықтарын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.
Бүгін, 3 мамыр күні Қарағанды қаласының 90 жылдығы аясындағы Қарағанды қаласы әкімдігінің, "Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ колдауымен №12 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған үшінші ақпараттық экскурсия өткізілді. Экскурсияны "Қарағанды қ. ОКЖ" КММ мен "Меридиан" туристік фирмасының мамандары ұйымдастырды.
27 сәуірде Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімінде «Өнерлі бала» және «Султик» клубтарының қатысушылары үшін Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған шеберлік сыныбы өтті. Ұлдар мен қыздар мереке эмблемасымен безендірілген папер-крафт техникасында букет жасады.
"Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ-нің қолдауымен "Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ-де ақын, жазушы, драматург, ұстаз, мемлекет қайраткері, Қазақстан қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы» атты байқау өтті. Байқауға Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның оқушылары мен ұстаздары қатысты. 15 оқушыдан өтінім келіп түсті. Байқаудың әділқазылар алқасының мүшелері: ҚР оқу, ағарту ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төс белгісінің, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері К.Төлеуханова, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының актеры А.С.Жұмамұратов, С.Сейфуллин атындағы гимназия кітапханашысы Ә.К.Баекина. Әділқазылардың шешімі бойынша 1 орынды 7"Б" сынып оқушысы Маханов Расул Алишерович, 2 орынды 5 "Ә" сынып оқушысы Ахат Рүстем Ерланұлы, 3 орынды 5 "Б" сынып оқушысы Абылай Райана иеленді. 6 "Б" сынып оқушысы Елеукен Фариза, 8 "Б" сынып оқушысы Кәбір Зарина, 8 "А" сынып оқушысы Ермекова Даяна ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.



