«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында «90 жылдыққа - 90 кездесу» жобасы аясында Жаңа Майқұдық Мәдениет үйінің «Атамұра» ұлттық қолөнер орталығының шебері, «ЭКСПО- 2017» көрмесінің күміс жүлдегері, темір ұстасы, зергер Қылышбек Жұматұлымен «Алтын қолды шебер» атты кездесу кеші өтті. Іс-шара қонақтары: Жазушы, журналист, этнограф, өлке тарихын зерттеушісі, «Мәдениет қайраткері», Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Төрехан Майбас; тарихшы-ғалым, этнограф, өлкетанушы, Қарағанды облыстық ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі архив басшысы Аршабеков Темірғали Тілеубекұлы; Өлкетанушы, қуғын-сүргін құрбандарын есте қалдыру мақсатында құрылған "Тағзым" тобының мүшесі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, бірнеше кітаптардың авторы Смағұлов Аңғар Марғозыұлы; Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының ғылыми қызметкері Елужан Елемесұлы Серімов; Абай атындағы мектеп-гимназияның музыка пәні мұғалімі Әбдіров Жұмагелді Дәулетбекұлы; Теміртау қаласы ҚарМет зауытының ағаш ұстасы-дизайнер Дүйсенбеков Төлеуғазы Серікбайұлы; дәстүрлі әнші Қуандық Төкен; «Орталық Қазақстан» газетінің Аймақтар бойынша меншікті тілшісі Имашев Ержан Мясович; Жаңа Майқұдық Мәдениет үйінің «Серпер» домбыра үйірмесінің жетекшісі Бакраев Қанат Балтабайұлы; Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ тарих факультеті студенттері, Қылышбек Құрмантегінің шәкірттері мен кітапхана оқырмандары қатысты. Қылышбек Жұматұлы ұмыт болып бара жатқан қазақтың ұлттық қолданбалы қолөнерін жасөспірімдерге меңгертіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруда. Ол қолының ебі мен икемі бар балаларды ағаш пен темірден халқымыздың қолөнер және зергерлік бұйымдарын жасауға баулып, үйретумен айналысады. Кеш барысында модератор шебердің өмір-жолы мен кәсібі жайында оқырмандарды таныстырады. Оқырмандар қонаққа сұрақтарын қойып, еркін форматта пікірлесті. Шара б арысында «Зергерлік өнер нақыштары» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, іс-шара соңында ұлттық әндер орындалып, кеш соңында модератор қонақтарға алғысын білдіріп, әсерлі кешті қорытындылады.

1   2   3

17 мамыр күні Қарағанды қаласының 90 жылдығы аясындағы Қарағанды қаласы әкімдігінің, "Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ колдауымен №22 жалпы білім беретін мектеп-интернат оқушыларына арналған төртінші ақпараттық экскурсия өткізілді. Экскурсияны "Қарағанды қ. ОКЖ" КММ мен "Меридиан" туристік фирмасының мамандары ұйымдастырды.

441573802 981328996996244 295133505748319341 n   441573904 981328423662968 8330270091940530082 n   441639186 981328813662929 2541028242909433004 n

8 мамыр күні Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімінде "Өнерлі бала" және "Султик" клубтарының қатысушылары үшін Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналған "Қазақтың батыр қызы Әлия" атты ерлік сабағы өтті.
Іс-шара барысында ұлдар мен қыздар Әлия Молдағұлованың ерлігі және оның өмір жолы туралы көптеген мәліметтер білді.
Бұл ерлік сабағының мақсаты - балалар мен жасөспірімдерге Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халқымыздың теңдессіз ерлігін, әсіресе , еліміздің тарихының қазіргі заманмен байланысын түсінуге көмектесу болып табылады. Сондай-ақ жастарға тарихи, батырлық-патриоттық, мәдени-адамгершілік тәрбие беру.
 
440202328 975776944218116 537644045985315012 n   441927362 975776987551445 1219584094760765718 n
☀️11 мамырда Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімінде “Султик” клубының орта және аға тобы үшін “Жарқын эмоциялар”библиопикнигі өтті.
⛱️Пикник кезінде жасөспірімдер құрдастарымен жақсы уақыт өткізді-сүйікті үстел ойындары мен бадминтондарды ойнады, гитара мен караокеде ән айтты, биледі, араласып, өз қолдарымен дайындалған тәттілерді жеді.
🌱Жағымды эмоциялар, таза ауа және физикалық белсенділік арқылы пикниктер тек көңіл-күйге ғана емес, денсаулыққа да пайдалы. Мұндай бос уақыт балалар мен жасөспірімдер үшін өте пайдалы, қоғамдағы әлеуметтену мен бейімделуге көмектеседі.
 
Рисунок1    Рисунок2   Рисунок3
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімінде "Султик" жан-жақты даму клубының аға тобының қатысушылары үшін "Соғыс сәттері кітаптарда" кітапханалық ойын өтті.
📖Ойын барысында жасөспірімдер Ғабит Мүсіреповтің "Қазақ солдаты", Жұмабек Еділбаевтың "Суровое испытание", Тахауи Ахтановтың "Қаһарлы күндер", Валентин Катаевтың "Сын полка" сияқты шығармаларымен танысты.
🗨️Ойын барысында қатысушылар таңдалған шығармалардың үзінділерімен танысып, сол кездегі атмосфераны жеткізуге, қажетті тезистерді таңдауға және таңдалған үзіндіні бір қанатты фразамен сипаттауға тырысып, ол туралы басқа қатысушыларға айту міндеті тұрды.
 
440972629 975662864229524 3517700043937939100 n    442408678 975662750896202 730980636019593102 n

Ішкі категориялар

Яндекс.Метрика