Казахстандық Интернет ресурстары |
|
![]() |
https://qazaqculture.com/ru#secondvideo - Бұл медиа платформа мәдениет және өнер саласындағы ақпаратты ұсынады, сондай-ақ түрлі іс-шараларды жариялау үшін маңызды алаң болып табылады. Мұрағаттық кино-фотоматериалдар мен заманауи үрдістердің арқасында порталға келушілер елдің бай тарихымен және маңызды мәдени оқиғаларымен таныса алады. Барлық материалдар БҰҰ-ның ресми тілдерінде, сондай-ақ қазақ және түрік тілдерінде жарияланды және кең аудиторияны қамтиды. |
|
http://ikitap.kz/ - Қазақстанның ашық кітапханасы, бүгінгі күнде қазақстандық және әлем авторларының 4 мыңнан артық шығармалары жиналған |
http://adebiportal.kz/ -Әдеби портал– бұл казақстандық және шетел авторларының шығармаларының бірегей Интернет ресурсы. Мұнда қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілінде өткен ғасырлар мен қатар қазіргі заман шығармалары да топтастырылған. Оқуға қолайлы болу үшін Порталдың өз ридері, pdf және epub көлемінде электронды кітаптарды оқу жүйесі бар. |
|
|
http://dialog.pavlodarlibrary.kz/index.php/ru/ - "Шекарадағы кездесулер" Қазақстан-Ресей жобасының электрондық ресурсы-бұл Ресей мен Қазақстан Халықтарының мәдени-тарихи байланыстарын ашатын электрондық деректер базасы |
http://e-history.kz/kz/ - «Қазақстан тарихы» соңғы зерттемелер негізінде құрылған ақпараттық-білімдік портал. Бұл портал жаңа технологиялар мен эксклюзивті ақпараттың бірегей үйлесуі болып табылады. «Қазақстан тарихы», «Тарихи білім», «Тұңғыш Президент», «Халық тарих толқынында», «Есімнама», «Электронды мұрағат» және басқа бөлімдер бар. Ақпарат әртүрлі көлемде – жай мәтін, PDF, ақпараттық кесте, интерактивті ойындар, фотосуреттер, видео и аудио түрінде берілген. Порталдың үстемдігі деп көптілділігін айтуға болады: қазақ, орыс және ағылшын тілдері. |
|
www.kazneb.kz - «Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасы». Барлық кітаптар мен құжаттардың электронды көшірмелері Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымынан № 6-I «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңына сәйкес орналастырылған. Порталда тіркелмей-ақ оқуға қол жеткізуге болады.
|
|
Ресейлік Интернет ресурстары.
|
|
http://www.litres.ru/ - 2006 жылы құрылған Ресейлік және ТМД елдерінің электронды лицензиялық кітаптарының агрегаторы, дистрибьюторы және сатушысы. 380 мыңнан артық электронды лицензиялық кітаптар мен аудиокітаптардың қоры. iPad, iPhone, Google Android, Windows Phone 7, Windows 8, ридерлерде пайдаланылатын көлем. Тіркелусіз кітапты сатып, жүктеп алуға болады. Ең танымал, көп оқылатын кітаптар, пікірлер, ұсынымдар, танымал авторлар.
|
|
http://e.lanbook.com/ - "Лань" , басқа да жетекші баспалардың кітаптарының электронды нұсқалары, гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдар туралы мерзімді басылымдардың электронды нұсқалары.
|
|
http://znanium.com -Интернет арқылы әлемнің кез-келген түкпірінен тәулік бойы электронды басылымдарға қол жеткізу мүмкіндігі. ZNANIUM.COM ЭКЖ падалана отырып, on-line мыңдаған монографиялар, оқулықтар, анықтамалар, ғылыми журналдар, әртүрлі білім саласындағы диссертациялар және ғылыми мақалалар атауына қол жеткізе аласыз.
|
|
http://www.public.ru/funds/ - БАҚ базасы. Мұнда барлық қоғамдық-саяси, саяси, іскерлі және жалпы экономикалық орталық маңызы бар БАҚ-дарының, ресейлік медиа кеңістіктің негізгі салалары мен тақырыптарының материалдары топтастырылған. Public.Ru базасымен толығырақ БАҚ каталогынан танысуға болады.
|
|
http://elibrary.ru/-ғылыми электронды кітапхана. eLIBRARY.RU - бұл рефераттар мен толық мәтіні 12 млн. тұратын ғылыми мақалалар мен жарияланымдардан тұратын ғылым, технологиялар, медицина және білім саласындағы ірі ресейлік портал. eLIBRARY.RU тұғырнамасында 1400 асатын ресейлік ғылыми-техникалық журналдарға, оның ішінде 500 журналға ашық түрде қол жеткізуге болады. |
|
http://magazines.russ.ru/ - Ресейде және шетелде жарық көретін ресейлік қалың әдеби-көркем, гуманитарлық журналдардың қызметін ұсынады.
|
>
>
2015 жылдың 11 қазанында М. Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Қарымды қаламгер"әдеби клубының ашылуы өтті. Клубқа тек кітапты ғана емес, сонымен бірге қарым-қатынасты қалайтындар да келеді. Клуб отырыстарында қызықты адамдармен кездесулер, әдеби кештер, кітап тұсаукесерлері, дөңгелек үстелдер, конференциялар және т. б. өтеді.
"Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі КММ"-сі "Қасым үйінде" "Рухани жаңғыру" өңірлік кеңсесімен бірлесіп "Ақындар сөзі - тәрбие көзі" атты кездесу кеш өтті. Кешке арнайы шақырылған жерлес ақындарымыз Жәлел Шалқар, Қайрат Иманбеков, Ерік Нарын «Қарымды қаламгер» клубының мүшелерімен шығармашылық ойларын бөлісіп, өлең оқыды.
Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қарағандылық 16 ақын қыздардың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Арқаның ақын арулары» атты қалалық байқау өтті. Байқаудың демеушісі ҚР Білім меценаты «Алтын Жүрек» ұлттық сыйлығының және ҚХА «Бірлік» алтын медальнің иегері Қомарұлы Бекзат Алтынбеков. Іс-шараға «Қарымды қаламгер» клубының мүшелері қатысты.
Клубтың әрбір отырысы кітапқа деген қызығушылықты қолдауға және жаңа пайдаланушыларды оқуға тартуға ықпал етеді. Клуб отырысының тақырыбын мүшелер өздері таңдайды.
Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де ҚР Білім меценаты, «Алтын Жүрек» ұлттық сыйлығының иегері, Алтынбеков Бекзат Қомарұлымен «Өлке тұлғалары» кітапханалық тележобасы бойынша «Жарқын жүзді кездесу» кеші өтті. Кездесу кешіне «Қарымды қаламгер» клубының мүшелері қатысты. Ол ұзақ уақыт бойы меценат, кітапхана іс-шараларының демеушісі, сонымен қатар кітапхананың жақсы досы болды.
9 маусым күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Рухани жаңғыру бағдарламасы» аясында «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына орай «Туған жерім, мақтанышым» тақырыбында онлайн кездесуі өтті. Кездесуге айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент «Айтыс ақындар мен жыршы термешілердің халықаралық Одағы» Қарағанды облыстық филиалының директоры, Қарағанды облысы «Рухани жаңғырулы» жобалық кеңесінің басшысы, 50-ден аса ғылыми мақалалардың, 1 монографияның авторы, бірнеше облыстық, аймақтық, Республикалық айтыстардың жүлдегері Айтбай Ботпайұлы Жұмағұлов мырза қатысты.
9 шілде күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Поэзия әлемі» атты Zomm платформасында онлайн-кездесуге «Қарымды қаламгер» клубының мүшесі ақын Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Республикалық, халықаралық байқаудың лауреты, «Құсыни хат», «Алтын күрек» жинақтарырың авторы Бағдат Мүбарак. Алғашқы сөзді мадератор өлкетану бөлімінің меңгерушісі Айткүл Төлеухановна бастап. Бағдат Мүбәрәк жайында онлайн желіде отырған кітапхана меңгерушілері мен жас кітапханашыларға мәлімет беріп өтті. Шара барысында өлең оқылып, асыл сөздің маржаны төгілді. Онлайн-кездесу барысында желіде отырған жас кітапханашылар Бағдат Мүбәрәкқа сұрақтар қойылып, онлайн кездесу өз мәресінде өтті.
11 қазан күні М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жобасының аясында «Қарымды қаламгер» клубының салтанатты ашылу кеші өтті. Кеш барысында Елбасымыздың 100 жаңа есім идеясы аясында «Жаныңда жүр жақсы адам....» тақырыбымен жазушы жерлесіміз Сүйіндік Жанысбаймен кездесу кеші ұйымдастырылып, жазушының «Тұзақ» аударма кітабының тұсаукесері өткізілді. Мақсаты: оқырман жастарды жерлес жазушының өмірбаянымен, шығармашылығымен, жазушының өміріндегі қызықты оқиғалармен таныстыру, жастарды жазушылыққа баулу. Кешке Халықаралық дәрежедегі журналист, Облыс Әкімі сыйлығының бірнеше мәрте лауреаты Сағат Батырхан, облыстық Орталық Қазақстан газетінің бас редакторының бірінші орынбасары Ерсін Мұсабек, ҚарМУ-нің профессоры, ағылшын тілінің оқытушысы Жаңбырбай Қағазбаев, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктердің әншілері, ҚарМТУ инновациялық технологиялар колледжінің студенттері қатысты. «Жаныңда жүр жақсы адам....» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
> >
«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.
Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді»
Нұрсұлтан Назарбаев
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Мәтін:
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
> > >