2024 жылдың 14 маусым күні Қарағанды қаласы әкімдігінің, “Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі” ММ, “Меридиан” туристік фирмасының қолдауымен “Қарағанды қаласының ОКЖ” КММ-ның балаларға қызмет көрсету бойынша N 5 және N 23 кітапхана - филиалдары, №56 мектеп оқушыларына қаланың 90 жылдығы аясында жетінші экскурсия өткізді.
     Экскурсия аясында балалар қаланың негізгі - Жаңа қала, Оңтүстік-Шығыс, Майқұдық аудандарымен танысты.
     Экскурсия барысында оқу мен әдебиетті насихаттау, сондай-ақ түрлі дамытушылық және ассоциациялық ойындар өткізілді.
❕Сонымен қатар, балалар үшін «Қарағанды темір жол ауруханасы»ЖШС балалар емханасының медбикесі Бектұрсынова Әсемгүл Аязбайқызы жазғы кезеңдегі тәртіп ережелері туралы дәріс оқыды.
 
181   183   182

7 маусым күні Қарағанды қаласының 90 жылдығы аясында Қарағанды қаласы әкімдігінің, "Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ колдауымен №46 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған алтынші ақпараттық экскурсия өткізілді. Экскурсияны "Қарағанды қ. ОКЖ" КММ мен "Меридиан" туристік фирмасының мамандары ұйымдастырды.

440408352 993688892426921 6968237358844707068 n   440331117 972736011188876 6334805300568640716 n   441903885 993689802426830 7312984333528730866 n

📍2024 жылдың 24 мамыр күні Қарағанды қаласы әкімдігінің, “Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі” ММ, “Меридиан” туристік фирмасының қолдауымен “Қарағанды қаласының ОКЖ” КММ-ның N4 кітапхана-филиалы №85 мектеп оқушыларына қаланың 90 жылдығы аясында бесінші экскурсия өткізді.
🚃Экскурсия аясында балалар қаланың негізгі - Жаңа қала, Оңтүстік-Шығыс, Майқұдық аудандарымен танысты.
📖Экскурсия барысында оқу мен әдебиетті насихаттау жүргізілді. Балалар маршрут аясында шығармалармен танысты. Сонымен қатар түрлі ойындар, викториналар мен байқаулар өткізілді.
 
6   7   8

«Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де «Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған 90 кездесу» жобасы аясында тележурналист, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, ақпарат саласының үздігі, республикалық "Алтын Сұңқар", «Нұр Сұңқар» және «Алтын қалам» сыйлықтарының иегері Тойжігіт Әли Мүсәліұлымен «Журналист – қоғамның айнасы» атты кездесу өткізді. Кеш қонақтары: Тележурналист. Қазақстан мен Қырғызстан Республикасының Мәдениет қайраткері, "Алтын қалам", "Алтын Сұңқар" сыйлықтарының жеңімпазы, ҚР «Ақпарат саласының үздігі» Жампейісов Әшімхан Сламбекұлы, жазушы, журналист, шежіреші, этнограф, Қазақстанның Құрметті журналисі, "Алаш" сыйлығының лауреаты, Қарағанды облысының Құрметті азаматы Төрехан Майбас, журналист, жазушы, Өлкетанушы, қуғын-сүргін құрбандарын есте қалдыру мақсатында құрылған "Тағзым" тобының мүшесі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, бірнеше кітаптардың авторы Смағұлов Аңғар Марғозыұлы, Жаңа Майқұдық Мәдениет үйінің «Атамұра» ұлттық қолөнер орталығының шебері Қылышбек Жұматұлы, Қарағанды жоғары медициналық коледж студенттері мен оқытушылары және кітапхана оқырмандары қатысты. Кездесу барысында модератор Тойжігіт Әли Мүсәліұлының 70 жылдық мерейтойы қаламыздың 90 жылдығымен бүгінгі күні түспа түс келіп отырғандығына қатысушылардың назарын аударды. Шараға қатысушылар Арқаның талай азаматтарының еңбек жолын телехабарларына арқау етіп, жүздеген жастардың бағын ашқан, телеарнада қаламыздың біртуар тұлғаларын насихаттап, шығармашылықпен еңбек еткен Әли Тойжігіттың еңбек жолын жан-жақты ашып көрсетті. Оқырмандар мерей той иесіне сұрақтарын қойып, еркін форматта пікірлесті. Шара барысында «Сарыарқа саңлақтары» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылады, іс-шара соңында модератор қонақтарға алғысын айтып, әсерлі кездесуді қорытындылады.

447856145 993197312476079 6999806638102478694 n   447900629 993196765809467 2138629078298767339 n   447999797 993197185809425 1553132541504569958 n

2024 жылғы 24 мамырда Қарағанды қаласы әкімдігінің, "Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ қолдауымен "Қарағанды қаласының ОКЖ" КММ-ның М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада тұңғыш қазақстандық математика профессоры, ғалым Әлімхан Әбеуұлы Ермековтың туған күніне арналған кездесу өтті. Кешке 50-ден астам адам қатысты. Модератор ретінде Смағұлова Ғазиза Ғабдоллақызы сөз сөйледі.
Спикерлер ретінде физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ғалым, ғасыр адамы Көкетай Темірғали Әбілдаұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығының директоры Бейсенбекова Нұрсахан Ахметқызы, Ә.Сағынов атындағы техникалық университеттің тәрбие жөніндегі проректоры Қалықов Абай Қобыландыұлы, тарих факультетінің деканы, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті тарих ғылымдарының кандидаты Жұмабеков Жамбыл Әзмұханұлы, "Ақ жол" партиясы облыстық филиалының төрағасы Әбділдин Ермек Төлеуұлы, "Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының" директоры Әбдікерова Бакиткул Хималдинқызы, Ә.Сағынов атындағы техникалық университеттің "Қазақ тілі мен мәдениеті" кафедрасының оқытушысы Бекқұлова Айнаш Диканбайқызы, ғалым, тарихшы, этнограф, Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік мұрағатының директоры Аршабеков Темірғали Тілеубекұлы қатысып, сөз сөйледі. Сондай-ақ, іс-шараға Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ақылжанова Ляззат Төкенқызы, өлкетанушы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Аңғар Марғозыұлы Смағұлов, "Parasat" ҚБ басшысы Майра Төлеубекқызы Абдрахманова, ҚР журналистер одағының мүшесі, жазушы Сүйіндік Жанысбай шақырылды. Іс-шара аясында Әлімхан Ермековтің өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетілді, ал Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Төлеу Айгүл Ә.Ермеков атындағы мектеп, мектептегі мұражай туралы айтып берді.
Кеш танымдық сипатқа ие болып, кітапхана қонақтары мен оқырмандарына өте ұнады.
 
441496133 985631813232629 7223840489218404183 n   441481285 985631699899307 7664386719303997754 n   438108484 985631669899310 1978534563384651572 n

Ішкі категориялар

Яндекс.Метрика