Есжанов Бүркіт Есжанұлы
Есжанов Бүркіт Есжанұлы 1923 жылдың 3 сәуірінде Қарағанды облысы, Тельман ауданының №3 ауылында дүниеге келген. 1941 жылы Жамбыл Жабаев атындағы мектепті бітіріп, 1942 жылдың сәуір айында Қарағанды қаласының Киров аудандық әскери комиссариатымен әскер қатарына шақырылады. Петропавл қаласындағы авиациялық техникалық училищені аяқтап, одан кейін Омбы қаласындағы Фрунзе атындағы жаяу әскер училищесінің курстарынынан өткен.
1943 жылы жиырма жасар жас жігіт майданға аттанды. Бесінші атқыштар дивизиясының құрамында болып, Вязьма, Ельна қалаларын қорғауда, Курск шайқасына қатысады. 1943 жылы Орёл қаласын қорғау кезінде қатты жарақат алады. Батыс майданының 5-гвардиялық дивизиясында минометші, 2-Прибалтика майданының 1003-авиация полкінде, одан кейін 2-Забайкалье майданының 262-авиация полкінде ұшқыш-механик болған.
1945 жылы соғысты Латвияда аяқтайды. Фашистік Германияны жеңгеннен кейін полк жасақталып, Шығыста Қытайды жапондардан қорғауға аттандырылады. Талай боздақтардың өмірін қиған бұл қан майданнан екі жарым жыл өткен соң елге оралады.
Бүркіт Есжанов Ұлы Отан соғысының екінші дәрежелі орденімен, «Ерлігі үшін», «Құрмет белгісі» ордендарымен, бірнеше мерейтойлық медальдарымен марапатталған. 1948 жылы әскерден босап, туған қаласы Қарағандыға келеді.
Қарағандының Киров шахтасында комсорг, Киров аудандық партия комитетінде нұсқаушы, 26-«бис» шахтасында партком хатшысы қызметтерін атқарған.
1952 жылы Алматы қаласына оқуға жіберіледі. Оқуын бітіріп, туған қаласына қайта оралады. Костенко шахтасында партия қызметкері болып қызмет атқарады. Жоғары партия мектебін өткен соң 1962 жылы ауыл шаруашылығын өркендету жұмыстары үшін ауылға жұмысқа жіберіледі. Ауылда 40 жыл адал еңбек етеді.
Қазіргі кезде Бүркіт атаның 8 баласы, 21 немере, шөберелері, шөпшектері бар.
Шындығында, сұрапыл соғыстың не екені кейінгі буынға беймәлім ғой. Біз үшін сол майданды кешкендер – баһадүрлер. Соғыс – адамды тәубесіне келтіретін бір белгі ғана. Күнделікті көріп жүрген кинодрамадағы қантөгіс емес – бұл. Көркем шығармаға да жатпайды. Ол өмірдің – өзі. Осы бес әріптен тұратын суық сөзді есту – өте ауыр. Ал, оны басынан өткізген, толарсақтан саз кешіп, құрбан болған, ардың туын жықпай, биік ұстаған қайран бабалар қандай күйде болды екен? Бір сәтке көз алдымызға елестетіп көрейікші…
Биыл Ұлы Отан соғысының Ұлы Жеңіспен аяқталғанына 75 жыл толып отыр. 1941 жылдың 22 маусымында басталып, үздіксіз 1418 күн мен түн бойы созылды. Қарағанды облысынан майданға 60 мыңға жуық адам аттанып, 34 мыңнан астамы аман-есен оралса, 25 мыңға жуығы қаза болды. 9400-ге жуық адам хабар-ошарсыз кеткен. 6600-дей жерлесіміз майданда ерлік көрсеткені үшін ордендер және медальдармен марапатталды, 34 адам Кеңес Одағының Батыры атанса, 13 адам – Даңқ орденінің толық иегері.
Облысымыздан соғысқа қатысып, ерлік көрсеткен ардагерлерден – Бүркіт Есжанов, Василий Волокин, Серафима Пономарева, Нина Сорокина сияқты көзі тірі батырлардың есімін мақтынышпен атаймыз. Тылда аянбай еңбек еткендер – Жұмабек Әбдіраманов, Раиса Базанова, Боранқұл Ысқақов пен Социалистік Еңбек Ері – Сайлау Біләлов және басқаларының ерен еңбектері жеңіске жетуімізге үлкен көмек болғанын ұмытпауымыз керек.
Соғысқа қатысып, Ұлы Жеңіске қол жеткізген ардагерлер қатары сиреп барады. Олар – соғысты өз көзімен көрген көзі тірі батырлар. Биыл Жеңістің 75 жылдығына да біршама іс-шаралар жоспарлап қойдық.
Ардагерлер кеңесінің мәліметінше, Қарағанды облысында Ұлы Жеңістің 75-ші мерейтойын 76 майдангер қарсы алуы тиіс. Олардың 8-і қазақ. Қалғаны – өзге ұлт өкілдері. 15-і – көмекке мұқтаж жандар. Сонымен қатар, олардан өзге концлагерде болғандар – 80 адам. Ленинградты қорғауға 14 адам қатысқан болса, қаза тапқан батырлардың жарлары – 28 адам.
- Соңғы жаңалықтар
- Бейне жаңалықтар
2025 ж. "Қарағанды қ. О…
02-05-2025 Hits:17 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Altin
"Қарағанды қ. ОКЖ" КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы бұйрық"Қарағанды қ. ОКЖ" КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы бұйрық
Ары қарай оқу"Жеңіс терезелері…
02-04-2025 Hits:67 Соңғы жаңалықтар Акжан

«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Жеңіс терезелері» атты акция бастау алды.Бұл іс-шара Қарағанды қаласының әкімдігі мен «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене...
Ары қарай оқуСарыарқа төріндегі ке…
20-02-2025 Hits:85 Соңғы жаңалықтар Акжан

2025 жылдың 11 ақпанында М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Қарағанды қаласының 91 жылдығына орай «Сарыарқа төріндегі кеншілер шаһары» атты мерекелік іс-шара өтті.Мерекелік іс-шараға Академик Е.А.Бөкетов атындағы ЖББОМ оқушылары және №2...
Ары қарай оқуХалықаралық кітап сыйлау күні
Халықаралық кітап сыйлау күні - қарапайым және мейірімге толы, барлық адамзатты кітап оқуға шақыратын ерекше мейрам. Осы мерекеге орай "Қарағанды қ. орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ-ның М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасының…
Қөмірмен даңқын шығарған Қарағанды
Қөмірмен даңқын шығарған Қарағанды
Ұмытар ма, Әлиханды, исі қазақ баласы
Ұмытар ма, Әлиханды, исі қазақ баласы
Алаш айтқан асыл сөздер
Алаш айтқан асыл сөздер
Деятели Алаша
Деятели Алаша
Алаш қайраткерлері
Алаш қайраткерлері
Авторлық шарт жасалған ақындар мен жазушылар
Авторлық шарт жасалған ақындар мен жазушылар
Тарихтан сыр шерткен ескерткіштер
Тарихтан сыр шерткен ескерткіштер
«Оқудың ерекше тәсілдері» тренингі
14 шілде күні Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімінде жазғы оқу бағдарламасы аясында «Ресурс» түзету - дамыту орталығы үшін «Оқудың ерекше тәсілдері» тренингі өтті. Іс - шара барысында ұлдар мен…
- 1
- 2
- 3