Халықаралық кітап сыйлау күні - қарапайым және мейірімге толы, барлық адамзатты кітап оқуға шақыратын ерекше мейрам. Осы мерекеге орай "Қарағанды қ. орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ-ның М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасының және кітапхана филиалдарының қызметкерлері қоғамда кітап оқитын адамдардың санын арттырып, рухани құндылықты насихаттау, кітап оқу дағдысына баулу мақсатында кітап сыйлап акциясын өткізді. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері “Global City”, "City Mall", "Таир", "Абзал" т.б. сауда орталықтарында және "КазПошта", "31775 әскери бөлімі", қала мектептері мен қала тұрғындарына викториналық ойындар ойнатып, оқырман билеттері мен кітаптар сыйға тартты.
Кітап сыйлау акциясы аясында кітапханамыздағы оқырмандар саны едәуір артты.