“Кітап беттері соғыс туралы әңгімелейді”
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Жеңіс күніне орай еске алу кеші өтті.
⠀
«Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжі» КММ оқушылары қатысып, алдымен кітапхана қызметімен танысты.
⠀
Ғабит Мүсірепов “Қазақ солдаты” және «Арпалыс – Волоколамск тас жолы» кітаптары таныстырылып, соғыс тақырыбындағы деректі фильм көрсетілді.
⠀
Оқушылар “Сұрақ қобдишасынан” сұрақтар алып, белсенділік танытып, Жеңіс туралы өлеңдерін оқыды.





