15 маусым М. Әуезов атындағы ОҚК-да қалалық Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған «Ей, тәкаппар дүние! Маған да бір қарашы» атты байқау өтті. Іс-шараның мақсаты жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру, Қ. Аманжоловтың көркем шығармаларын насихаттау болды. Іс-шара офлайн және онлайн форматта өтті.
 Байқауға қатысушыларға туған өлкеге, ақын Қасым Аманжоловқа арналған өлең жолдарын оқып, оқуға ұсынылды. Байқауға қатысушыларды ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Алтынбеков Бекзат Құмарұлы, ақын-жазушы, «Қасым» республикалық әдеби - қоғамдық журналының бас редакторы Сағынтай Серік, «Қарағанды облысы бойынша біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Смағұлова Ғазиза Ғабдуллақызы, филология ғылымдарының кандидаты Бабашов Азат Мақсұтбекұлы, «Ж.Бектұров атындығы облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ қызмет көрсету бөлімінің басшысы Мырзатаева Бақыт Қазбекқызы, Халық қаһарманы Жұман Тәшенов атындағы сыйлықтың лауреаты, «OrtaIyq Qazaqstan» газетінің журналисі Шалқар Жалел Қуандықұлы.
 Конкурс қорытындысы бойынша 1 орын (60 000 тг.) Қазақстан Орталық академиясының студенті Серікбол Әсемғұл және «Жезқазған қаласының жер қатынастары» ММ маманы Сайдалин Думан Бекболатұлы өзара бөлісті; 2 орын (40 000 тг.) Е.Бөкетов атындағы ҚарУ студенті Әуесбек Айғаным Сүйенішқызы; 3 орын (35 000 тг.).) екі қатысушы арасында тағайындалды Е.Бөкетов атындағы ҚарУ студенті Жұман Бектас Бақытұлы және №2 лицейдің оқушысы Алдаберген Жырғау.
WhatsApp Image 2021 06 16 at 102707  WhatsApp Image 2021 06 16 at 102739  WhatsApp Image 2021 06 16 at 102759  WhatsApp Image 2021 06 16 at 102826  WhatsApp Image 2021 06 16 at 102857
Құрметті пайдаланушылар, Англияның балалар жазушыларымен таныс болыңыздар
#милналан #хаффемчарльз #кэрроллльюис #конандойл #киплингредьярд #ролингджоан
Практикант Жақсыбаева Айгерімнің жұмысы. 15.06.2021.

" width="560" height="315" frameborder="0" allowfullscreen="allowfullscreen">

Құрметті оқырман қауым, назарларыңызға "Өмірге құштар суретші" атты менталды картамызды ұсынамыз

" width="560" height="315" frameborder="0" allowfullscreen="allowfullscreen">

Байқау

 

1

 Құрметті біздің оқырмандар, сіздерді Қазақ поэзиясының алыбы Қасым Аманжолов туғанына 110 жыл толуына орай «Ей, тәкәппар дүние! Мағанда бір қарашы» атты мүшәйрасына қатысуға шақырамыз. 

1

1

1

 

 10.06.21 күні «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де «Қазіргі қазақ әдебиеті және оның танымдылығын арттыру жолдары» атты семинар өтті. Іс - шара барысында «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директоры Ахметкаримова Гульжан Кабылкаримовнаға сөз берілді. Кейін іс - шара қонақтарына сөз берілді: Е.А.Бөкетов атындағы Карағанды Университеті, филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Толеубаева Камшат Аманбаевна «Қазіргі қазақ әдебиеті» тақырыбында баяндама жасады. Одан кейін сөз кезегі Е.А.Бөкетов атындағы Карағанды Университеті, филология факультетінің журналистика кафедрасының аға оқытушысы, Педагогика ғылымдарының магистрі Жақан Әлімжан Құтжанұлы «PR. PR-дағы этика» тақырыбында дәріс берді. Келесі, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі, педагогика ғылымдарының магистрі Жақанова Жұпар Рысқұлқызы «Тіл мәдениеті және шешендік өнер» тақырыбында дәріс берді. Сөз кезегі соңында «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ әдістеме бөлімінің меңгерушісі Кейкина Сауле Еркебаевна «Мамандардың кәсіби құзіреттілігі, оларды дамыту жолдары» тақырыбында кеңес берді. Іс - шарамызды мекеме басшысы Ахметкаримова Гульжан Кабылкаримовна қорытындылады.
2021 06 10 161430  2021 06 10 150854  2021 06 10 152958  2021 06 10 161328
Яндекс.Метрика