2021 жылыдың 28 қыркүйек күні «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де офлайн және ZOOM платформасында қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туған күніне орай «Әлем таныған Әуезов» атты ғылыми конференция өтті. Байқаудың демеушісі ҚР Білім меценаты, «Алтын Жүрек» ұлттық сыйлығының және ҚХА «Бірлік» алтын медалінің иегері Алтынбеков Бекзат Қомарұлы. Ең алғашқы құттықтау сөзді "Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі"ММ бөлімінің басшысы Нұртаева Баян Сейтбекқызы ашты. Конференция басында ZOOM платформасында Алматы қаласында қатар өткізілген М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты ұйымдастырған «Әуезов оқулары» атты жас ғалымдардың ХVІІІ ғылыми-тәжірибелік конференциясына қосылып Бекзат Қомарұлы тілек білдірді. Ғылыми конференцияға өтініш білдірген 18 бен 35 жас аралығындағы 20-ға жуық ғылыми жұмыстар қаралып, үздік деп танылған 6 қатысушы іріктеп алынды. Әділқазылар алқасының мүшелері академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің филология ғылымдарының кандидаты, қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры Толеубаева Камшат Аманбайқызы; «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Смағұлова Ғазиза Ғабдоллақызы; филология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор Бабашов Азат Мақсұтбекұлы; филология ғылымдарының кандидаты, профессор, «BoIashaq» академиясы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сембаев Құрманғазы Зәкірұлы; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қарағанды гуманитарлық колледжінің директоры Амиров Есжан Сарманқұлұлы болды. Қатысушылардың барлығына Алғыс хат пен «Арқа батырлары» кітабы табысталды. III орынды 60 мың теңге сертификатын «BoIashaq» Академиясы» 4 курс студенті Төребаева Асыл Оразбекқызы иеленді. II орынды 70 мың теңге сертификатын Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің II курс магистранты Болкенбаева Айгерим Даулетиаровна иеленді, I орынды Семей қаласынан «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК 4-курс студенті Мавленова Диляра Бекмухамбетовна жеңіп алды.
- Соңғы жаңалықтар
- Бейне жаңалықтар
Сарыарқа төріндегі ке…
20-02-2025 Hits:35 Соңғы жаңалықтар Акжан

2025 жылдың 11 ақпанында М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Қарағанды қаласының 91 жылдығына орай «Сарыарқа төріндегі кеншілер шаһары» атты мерекелік іс-шара өтті.Мерекелік іс-шараға Академик Е.А.Бөкетов атындағы ЖББОМ оқушылары және №2...
Ары қарай оқуХалықаралық кітап сый…
20-02-2025 Hits:35 Соңғы жаңалықтар Altin

Халықаралық кітап сыйлау күні - қарапайым және мейірімге толы, барлық адамзатты кітап оқуға шақыратын ерекше мейрам. Осы мерекеге орай "Қарағанды қ. орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ-ның М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасының...
Ары қарай оқуҚөмірмен даңқын шығар…
22-10-2024 Hits:303 Алаштану Super User
Қөмірмен даңқын шығарған Қарағанды
Ары қарай оқуҰмытар ма, Әлиханды, исі қазақ баласы
Ұмытар ма, Әлиханды, исі қазақ баласы
Алаш айтқан асыл сөздер
Алаш айтқан асыл сөздер
Деятели Алаша
Деятели Алаша
Алаш қайраткерлері
Алаш қайраткерлері
Авторлық шарт жасалған ақындар мен жазушылар
Авторлық шарт жасалған ақындар мен жазушылар
Тарихтан сыр шерткен ескерткіштер
Тарихтан сыр шерткен ескерткіштер
«Оқудың ерекше тәсілдері» тренингі
14 шілде күні Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімінде жазғы оқу бағдарламасы аясында «Ресурс» түзету - дамыту орталығы үшін «Оқудың ерекше тәсілдері» тренингі өтті. Іс - шара барысында ұлдар мен…
«Абай әндері қалықтасын» атты кездесу кеш
Абай мұрасы - адамды адам етіп тәрбиелеудің, жан - жақты дамыған зияткер тұлға қалыптастырудың қайнары деп білеміз. Абай тағылымы арқылы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет рухани мұраларды сіңіру, жастарымыздың бойына ізгіліктің…
Балалар жазушысы Жақан Жұпармен кездесу
25 шілде күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлері «90 жылдыққа - 90 кездесу» жобасы аясында Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Киіз үйдегі кітапханада» «Чипси мен шибауырсақ» кітабының…
- 1
- 2
- 3