Archived Articles

                                                                                                                                                                 

"Балалар жылы - 2022" аясында Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасымен біресіп "Ертегілер мен оқиғалар сағаты" ұзақмерзімді жобасын іске асырды. Жоба шеңберінде Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы бедерлі-нүктелі қаріпті кітап пен аудиобасылымды жарыққа шығарды.

Аудиокітаптарды QR-кодтар арқылы тыңдауға болады.

Түлкі мен Салақбай. А. Жұмамұратов           Уақыт жайлы ертегі. А. Сагындыққызы        

1.Түлкі мен Салақбай. А. Жұмамұратов                                      2.Уақыт жайлы ертегі. А. Сагындыққызы                                    

 Қамаудағы үш дос. А. Сабитова                            Көршілер. А. Жұмамұратов   

3.Қамаудағы үш дос. А. Сабитова                                       4.Көршілер. А. Жұмамұратов

Қимас достар. А. Сабитова                           День рождения Эльфа. Д. Цветков

 5.Қимас достар. А. Сабитова                                        6.День рождения Эльфа. Д. Цветков

Дождливая арифметика. М. Марычева       Молли и штурмовое море. К. Пловайко      

7.Дождливая арифметика. М. Марычева                                    8.Молли и штурмовое море. К. Пловайко                                           

Вирус ворчания. Д. Цветков                                        Ой сказки. Д, Цветков        

9. Вирус ворчания. Д. Цветков                                     10. Ой сказки. Д Цветков                                                                                 

1 марта, ко Дню благодарности в детском отделе библиотеки имени Мухтара Омархановича Ауэзова для учащихся ОШ 52 прошла настольная ролевая игра "Алғыс айту - адамзаттың асыл қасиеті". Во время игры ребята изучили как произносится слово "Спасибо" на разных языках, выразили благодарность учителям, родителям и своим друзьям. Так же в ходе игры дети с удовольствием разобрались в заданиях на ассоциации и на логику, узнали много интересных фактов о этикете и о правилах поведения в обществе.

Den blagodarnosti   Den blagodarnosti 1   Den blagodarnosti 2

2023 жылдың 26 қаңтар күні «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-ның қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Өлке тұлғалары» кітапханалық тележобасы аясында «Жомарт жүрек нар тұлға» атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне Қарағанды қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі "Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы" КММ, Қарағанды медицина университетінің студенттері, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледж студенттері, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті заң факультетінің студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты. Іс-шара қонағы Меценат, заң ғылымдарының докторы, профессор, «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері, «Қарақаралы ауданының» құрметті азаматы Жүнісов Бахтыбай Жолжақсыұлы.

Vstrecha mecenat   Vstrecha mecenat1   Vstrecha mecenat2

2023 жылдың 21 ақпан күні «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-ның қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Өлке тұлғалары» кітапханалық тележобасы аясында өлкеміздің өсіп-өркеңдеуіне атсалысқан еңбек ардагерлерінің өмір жолдарын үлгі етіп, жетістік пен табысқа жеткен жерлестерімізді мақтаныш ету мақсатында бүгінгі «Ғалым. Ұстаз. Тұлға» тақырыбында Қарағанды қаласының тұрғыны, «Қазақстан Республикасының білім саласының үздігі», профессор, техника ғылымдарының докторы, ардагер ұстаз Қонтаев Сәбит Сейітұлымен кездесу өтті. Кездесу кештің қатысушылары: Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері және №6 ЖББМ КММ-ның директоры М.Б.Cулейменов, "Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі" КМҚК оқытушысы Б.Ш.Жумадилова. Тәттімбет атындағы өнер колледжінің 3 курс студенті Салтанат Кеңес М.Ержановтың "Бақыт жыры", Н.Бекежановтың "Илигай" әндерін оқырмандарға тарту етті.

Kontaev Sabit kezdesu   Kontaev Sabit kezdesu 1

2022 жылы 11 ақпан күні "Қарағанды қ. орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ-нің М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында коворкинг орталығында "Киелі домбыра пернелері" атты шеберлік сыныбына Жаңа Майкұдық мәдениет үйінің "Серпер" домбыра үйірмесінің жетекшісі Қанат Балтабайұлы мен «Есіл» студиясының домбыра жетекшісі Теміреев Ерасыл арнайы шақырылды. Шеберлік сыныбына «Унисон» студиясының домбыра үйірмесінің жетекшісі мен оқушылары және Қарағанды медицина университетінің 2-курс студенттері (өзге ұлт өкілдері) қатысты. Шеберлік сыныбында Қанат Балтабайұлы «Балбырауын» күйінің орындалуы бойынша балаларға түсіндіріп, көрсетті.Сонымен қатар «Көңіл толқыны», «Сарыарқа» күйлерін балалармен бірге орындады. «Унисон» студиясының домбыра үйірмесінің қатысушысы Жарылғасын Дильназ 10-сынып оқышысы Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқын» күйін шертіп берді.

273775312 480547097074439 1412050361080972318 n   273775673 480547180407764 887731555520924865 n   273778459 480547053741110 6137714796520375737 n

  1. Соңғы жаңалықтар
  2. Бейне жаңалықтар

«Ғалымның сара жолы» …

05-04-2024 Hits:22 Соңғы жаңалықтар Altin - avatar Altin

Биыл ұлтымыздың ұлы перзенті, Қазақстандағы геология ғылымының негізін қалаушы, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі»...

Ары қарай оқу

"Өнерпаздың сырлы ә…

26-03-2024 Hits:33 Соңғы жаңалықтар Altin - avatar Altin

2024 жылдың 14 наурыз - Көрісу күніне М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада ҚР Мәдениет және театр қайраткері, ҚР Еңбек сіңірген қызметкері, жазушы-драматург, режиссер, ақын, сазгер, өнер зерттеушісі Аманолла Шайбековпен "Өнерпаздың...

Ары қарай оқу

"Жүрек жылы" ойын…

18-03-2024 Hits:27 Соңғы жаңалықтар Altin - avatar Altin

7 наурыз күні Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімінде оқушыларға арналған "Григорий Потанин атындағы ОМ" КММ және "Академик Е.А. Бөкетов атындағы №52 ОМ" КММ Халықаралық әйелдер күніне арналған "Жүрек...

Ары қарай оқу

 

 

 

 

Яндекс.Метрика