Қазақ әдебиеті
АТАУЫ / НАИМЕНОВАНИЕ | |
Айымбетов, М. Бопай ханым: тарихи роман / М.Айымбетов. - Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021. - 224 б. Аталған тарихи роман он сегізінші ғасырда өмір сүрген, қазақтың бас ханы Әбілқайырдың жары Бопай Сүйіндікқызының өмірнамасына арналған. Сол кезеңде қазақ халқын неше түрлі жаугершілік амалымен өзіне тәуелді етуге жанталасқан орыс билігіне қарсы тұрған хан ордасының әскери саяси өмірі шығарманың негізгі арқауы болып табылады. Экз: аб, №11, 14, 15, 16, 22, 29, 4, 6, 7, 8, 1ж. |
|
Асқаров, Ә. Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді... : роман / Ә.Асқаров. - Алматы: Атамұра, 2021. – 296 б. Роман өткен ғасырдың соңындағы «қайта кұру» деп аталған реформалық өзгерістердің қазақ ауылына әкелген қилы-қилы әсерін әңгіме етеді. Әдемі әзіл, өткір юмор арқылы жазушы ауыл адамдарының алуан түрлі характерлерін ашады. Жеке адамның басындағы қызық та күлкілі оқиғалар арқылы жалпы қоғамды жайлаған трагедиялық ахуалдарды астармен нұсқап отырады. Экз: аб |
|
Ахметова, З. Шуақты күндер: естелік, эссе / З.Ахметова. - Алматы: "Алматы кітап баспасы", 2021. - 264 б. Кітап Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында қан майданда әйгілі командирлердің бірі болған, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының соғыстан кейінгі жылдарындағы өміріне арналған естелік. Экз: аб, 6, 7 |
|
Әлімқұлов, Т. Көкпар: әңгімелер / Т.Әлімқұлов. - Қарағанды: "Qasym баспа үйі", 2021. - 134 б. Ұлттық бояуы қанық жазушы Тәкен Әлімқұловтың жылқы туралы, қаршыға туралы, қазақтың атқұмар, саятшыл мінезі туралы әңгімелері осы кітапқа топтастырылған. Сондай қасиетке ие қазіргі оқырман үшін таптырмас қазына. Экз: аб, 11, 8, 1ж, 2ж. |
|
Әуезов, М. Қорғансыздың күні: Әңгімелер мен повестер / М.Әуезов. - Алматы: Атамұра, 2002. - 432 б. «Қорғансыздың күні» оқырманның көз алдына байырғы қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр-тереңінен қопарып әкеліп, бейшара, қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі баяндайды. Жазушы өмір шындығын, заман сипатын, адамның тіршілік-тынысымен байланыстыра, сабақтастыра шебер әңгімелеп жеткізеді. Экз: аб |
|
Бөкей, О. Қар қызы: повесть / О.Бөкей. - Нұр-Сұлтан: Muqaba, 2020. - 172 б. «Қар қызы» повесі бір қарағанда, соғыстан кейін туған ұрпақтың қасіретін көрсететін шығарма болса, екінші жағынан бір-біріне ұқсамайтын адамдардың жан әлеміне үңілетін туынды. Үлкен өмірде тағдырлас болып, енді қиын да, қауіпті тапсырманы орындау барысында сапарласқа айналған құрдас жігіттердің арпалысы мифтік сарынмен қатар өрілген. Экз: аб, 4, 6,7 |
|
Досжан, С. Үзілмеген үміт: роман. 2-ші кітап / С.Досжан. - Алматы: "Нұрлы Әлем", 2020. - 336 б. "Үзілмеген үміт" - Қазақстан аумағында атом бомбасын сынақтан өткізіп, ауа мен топырақты былғаған, қара Ертістің мөлдірін ұлаған, ұлт саулығына нұқсан келтірген коммунистік жүйе, адам тағдырын табан астына салған атом технологиясына ұмтылған беймаза ғасыр әкелген індет жайындағы «Қасірет пен Тағдыр» романының екінші кітабы. Экз: аб, 11, 14, 16, 22, 4, 7, 1ж, 2ж. |
|
Есенберлин, І. Алтын Орда: роман-трилогия / І.Есенберлин.- Алматы: Книжный клуб ЖШС, 2021.- 752 б. Ілияс Есенберлиннің «Алтын Орда» тарихи роман-трилогиясы ерте заман кезеңдерін баяндайды. Тарихи оқиғалардың шынайы серпінін эпостық ауқыммен суреттеп, сол дәуірдегі Ұлы Дала адамдарының қайталанбас бейнелерін сомдады. Экз: аб, 11. |
|
Есенберлин, І. Мұхиттан өткен қайық: роман / І.Есенберлин. - Алматы: "Книжный клуб баспасы" ЖШС, 2021. - 368 б. Бұл өмірбаяндық роман 1960 жылдардың аяғында жазылған. Жазушы өзінің өмірге құштарлығы мен халқын қалтқысыз сүйгенін баяндаған. Бұл басылым сонымен қатар, қазақ әдебиетінің бір тұлғасына қатысты әділдікті қалпына келтіру жолының жалғасы болып табылады. Экз: аб, 14, 23, 29, 31, 6, 8, 1ж, 2ж. |
|
Жұмаділов, Қ. Тағдыр: тарихи роман / Қ.Жұмаділов. - Алматы: Мерей, 2021.- 624 б. “Тағдыр” романы қазақ халқы басынан кешірген ауыр бір кезең – екі империяның алаштың ата қонысы болған сайын даланы екіге бөліп, шекара сызығын жүргізген кезеңін арқау еткен. Романда алуан мінезді, алуан тағдырлы кейіпкерлер характері сомдалып, болмысы ашылады. Экз: аб, 16, 22, 31, 1ж, 2ж. |
|
Қаһарман қыз Хиуаз: әскери ұшқыштың жазбалары, естеліктер, очерктер, мақалалар, сұхбаттар, өлеңдер.- Алматы: Ана тілі ЖШС, 2012. - 296б.+16 бет қосымша (фотосуреттер). Бұл жинақта Хиуаз Доспанова жайлы деректi дүниелердiң бiр шоғыры iрiктелiп, топтастырылған. Ол жайындағы очерктер, сұхбаттармен қоса әскери ұшқыш, Ұлы Отан соғысының ержүрек жауынгерi, қазақтың қаhарман қызының әскери баяндары да ұсынылып отыр. Кiтап көпшiлiк оқырманға арналады. Экз: 16, 4. |
|
Мағауин, М. Көк мұнар: роман / М.Мағауин. - Алматы: Атамұра, 2020. - 256 б. "Көк мұнарға" бастан-аяқ зиялы қауым өкілі, ғалымдар өмірі арқау болған.Бұл роман арқылы Мұхтар Мағауин өзіне дейін жазыла қоймаған тақырыпты қозғап, өмір шындығын көркемдік шындық арқылы көрсеткен. Романда ғылым деген қызығынан қиындығы басым, мол білім қорымен келіп, еңбекқорлық, ізденімпаздық арқасында көздеген мақсатқа жеткізетін үлкен жолда кімнің кім екені зерделенеді. Экз: 14, 15, 22, 6. |
|
Мақатаев, М. Тамаша Айым - тамызым: өлеңдер / М.Мақатаев. - Алматы: ҚАЗақпарат, 2016. – 348 б. Ақынның көпшілік көзайымына айналған таңдамалы өлеңдерінің топтамасы «Тамаша айым - тамызым» атты жинаққа еніп отыр. Кітап көпшілік оқырман жұртшылыққа арналған. Экз: аб, 16. |
|
Молдағалиев, Ж. Мен қазақпын: өлеңдер мен поэмалар / Ж.Молдағалиев. - Алматы: Атамұра, 2007. - 240 б. Бұл жинаққа аса көрнекті ақынның нәзік лиризмге толы өлеңдері мен халқымыздың өткен тарихына арналған бірсыпыра поэмалары топтастырылған. "Мен қазақпын" поэмасында еліміздің кешегі өмірі, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі, мінез-құлқы ақындық шабытпен, асқақ үн. Экз: 22, 23, 31, 5б, 7, 1ж, 2ж. |
|
Момышұлы, Б. Қара жұлдыз: роман-ертегі / Б.Момышұлы. - Алматы: "Издательство Книжный клуб", 2019. – 136 б. Бұл романның басты кейіпкері қара жұлдыз тәрізді айрықша меңмен өмірге келген Қара Жұлдыз есімді ханзада. Данышпан ақсақалдар баланың өсе келе ұзақ сапарға шығып, жан тазалау, ағару жолын іздейтінін болжайды. Алайда ол жол — жауынгердің де, тақуаның да жолы емес еді. Роман кейіпкерлері бір әлемнен бір әлемге өте жүріп, әр әлемнен бір өнеге табады. Экз: 22, 31. |
|
Момышұлы, Б. Ұшқан ұя: повесть, әңгіме, нақылдар / Б.Момышұлы. - Алматы: Атамұра, 2003. - 240 б. Кітапқа көрнекті жазушы, гвардия полковнигі, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" повесі, әңгімелері мен нақыл сөздері топтастырылған. Көпшілік оқырман қауымға арналған. Экз: 1б, 5б. |
|
Мұратбеков, С. Жабайы алма: повесть / С.Мұратбеков. - Алматы: Атамұра, 2002. - 400 б. Жазушының бұл повесі - соғыс жылдарындағы ауыл өмірі, ауыр тұрмыс, қажырлы еңбек, адалдық пен адамгершілікті сөз ететін шығарма. Сұрапыл соғыс жылдарындағы қабырғасы қайысқан балалық шақтың ауыр тіршілігі суреттеледі. Повестің түйіні жаманнан жиренуге, жақсыны үйренуге үндейді. Экз: 31, 7, 1ж. |
|
Мұртаза, Ш. Ай мен Айша: роман / Ш.Мұртаза. - Алматы: Жазушы, 2020. - 288 б. «Ай мен Айша» романы Ш.Мұртазаның өз өмірінен сыр ертеді. Романда ашыршылық жайлаған зұлмат жылдарда дүниеге келіп, қазақ зиялылары репрессияға ұшыраған әкесінен айырылып, одан кейін Ұлы отан соғысының тауқыметін бастан өткеріп қанша қиыншылық көрсе де, еңсесі түспей, ағынға қарсы жүзе білген Барысхан деген баланың өмірі және сол балаға өшпестей үміт сыйлап, өмірлік шам-шырағы болған анасы Айша жайында баяндалған. Экз: 15, 5б. |
|
Мұртаза, Ш. Қызыл жебе. 1-ші кітап / Ш.Мұртаза. - Алматы: "Дария Дамыту Орталығы", 2022. - 256 б. «Қызыл жебе» романы Ш.Мұртазаның тарихи негізде жазылған еңбектерінің бірі. Романда қазақ қоғамының көлеңкелі келбеті, асау өмірдің ойлы-қырлы қалтарысы, қу дүние, атақ-мансапты адамдықтан жоғары қойған жанның түрлі сұрқиялыққа баратыны, зұлымдыққа ұшыраған мазлұмның зар-мұңы, күйініші, әлсіздің күштіден көрген қорлығы, дәрменсіздігі шеберлікпен әрі әсерлі бейнеленген. Экз: 31. |
|
Шерхан, М. Қызыл жебе. 2-ші кітап / Ш.Мұртаза. - Алматы: "Дария Дамыту Орталығы", 2021. - 256 б. Білім, өнер, иман сынды шуақты құндылықтар адамдардан жырақта болғанда, қоғам басына келетін кесапаттың жойқын болатыны кітап астарында жасырылған ой мәйегіндей. Кітап барша оқырманға арналады. Экз: 31. |
|
Мұртаза, Ш. Қызыл жебе. 3-ші кітап / Ш.Мұртаза. - Алматы: "Дария Дамыту Орталығы", 2022. - 288 б. «Қызыл жебе» – ірі қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірін, туған ортасы мен ел үшін істеген қызметін танытатын кең тынысты шығарма. Роман Тұрардың балалық шағы мен өскен ортасын, тегін, Сібірге айдалып бара жатқан әкесі Рысқұлдың өмірін, әке кегін баяндаудан басталады. Шығармаға өзек болған сюжеттер Тұрардың өсу, қалыптасу, кемелдену кезеңін көрсетіп, қиын өмірдегі күрделі тартыстардың бел ортасында жүрген Тұрардың бейнесін асқақтата түседі. Экз: 31. |
|
Нұрпейіс, Ә. Соңғы парыз: роман / Ә.Нұрпейіс. - Алматы: "Книжный клуб баспасы" ЖШС, 2021. – 368 б. Құрметті оқырмандар! сіздерге ұлы жазушы Әбді-Жәмил Нұрпейсовтің «Соңғы парыз» атты әйгілі кітабын ұсынады. Сіз ХХ ғасырдағы ең қиын қазақ халқының тағдыры туралы жазылған бұл екі жақты эпопеяның барлық монументалдылығы мен тереңдігін бағалайсыз деп сенеміз. Экз: аб, 11, 14, 16, 22, 23, 27, 29, 31, 1ж. |
|
Нұршайықов, Ә. Ақиқат пен аңыз: роман-диалог / Ә.Нұршайықов. - Алматы: Атамұра, 2004. - 400 б. Экз: аб, 16, 27, 5б. |
|
Нұршайықов, Ә. Махаббат, қызық мол жылдар: роман / Ә.Нұршайықов. - Алматы: "Жазушы", 2020. - 360 б. Шығарма екі жастың арасындағы махаббат туралы баяндайды. Автор соғыстан он екі мүшесі түгел болып келген жас солдаттың өмірі, ойларын жасырмай, көпшілікке паш етеді. Роман кейіпкерлері — өмірдің қиын жолдарынан өтіп, өздерінің асыл мұраттарына дақ түсірмей, кіршіксіз сақтай білген адал жандар. Экз: аб, 22, 8, 1ж, 2ж. |
|
Сейсенбаев, Р. Шайтанның тағы: роман / Р.Сейсенбаев. - 6-том. - Алматы: "RS", 2017. - 476 б. «Шайтанның тағы» - ХХ ғасырда Кеңес Одағында күн кешкен жастар туралы ащы шындықты баяндады. Көпшлікі оқырман қауымға арналған. Экз: аб, 16, 22, 23, 27, 29, 31, 1ж, 2ж. |
|
Үміт, А. Ыстамбұл естеліктері: роман: ауд. Д.Зікірия / А.Үміт. - Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021. - 488 б. Бас комиссар Невзат пен оның көмекшілері Зейнеп пен Әлидің қылмыстық істерді зерттей жүріп, Ыстамбұл тарихы туралы талай қызықты мәліметтер баяндалады. Оқиға барысы атыс-шабыс, қантөгісті баяндамай, керісінше, шытырман оқиғаның өзінде оқырманды әлемнің ең көне қалаларының бірі Ыстамбұлдың ежелгі заманнан осы күнге дейінгі тарихына, ондағы тарихи ескерткіштердің сырына біртіндеп бойлатып отырады. Экз: аб, 11, 14, 15, 4, 6, 7, 8. |
|
Шүйіншәлиева, М. Өкініш: повесть, әңгімелер / М.Шүйіншәлиева. - Алматы: "Қазақ кітабы", 2020. - 488 б. «Өкініш» хикаятына мәңгілік тақырыптардың бірі – махаббат негіз болған. Сұлу да ақылды, білімді де қажырлы қыз Ақкүн «алпыс пен жетпістің арасында адасып» жүрген Аманның етегінен неге ұстайды? Экз: аб, 12б, 1б, 27, 29, 31, 4, 5б, 1ж, 2ж. |
|
Алимжанов, А. Стрела Махамбета: роман и рассказ / Ануар Алимжанов. - Алматы: Атамұра, 2005. – 232 с. А. Алимжанов посвятил свой роман тому периоду казахской истории, который имел решающее значение для становления казахов как нации и для зарождения революционного движения... События развиваются в двух плоскостях. Автор как бы следует за сложным развитием революционного поэта и его лирики, во второй плоскости изображается жизнь народа. Здесь описывается жизнь и активизация простых людей и показывает действенность стрелы Махамбета — его творчества. Экз: аб |
|
Санжар, Н. Бату-хан: исторический роман / Н.Санжар. - Алматы: Meloman Publishing, 2021. - 330 с. Это роман в жанре исторических хроник, вторая книга дилогии о главных исторических событиях XIII века, о жизни внука великого завоевателя Чингисхана Бату, о его стремлении повторить подвиги в западном походе старших сыновей-чингизидов. Экз: аб, 22, 23, 29, 31. |