Казахская литература

 

Сіздердің назарларыңызға  2024 жылда Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесіне жаңадан келіп түскен қазақ тіліндегі көркем әдебиетініңтізімін ұсынамыз!

 

АТАУЫ/НАИМЕНОВАНИЕ

31 

Ақыш Н. Тау ішіндегі тауқымет [Мәтін]: Шытырман оқиғалы шығармалар / Н. Ақыш. – Алматы: Мазмұндама, 2024. – 360 бет.

Жас оқырмандарға арналған бұл жинаққа жазушының шытырман оқиғалы шығармалары топтастырылған. Повестердің қай-қайсысы да жетектеп әкететін қызықты сюжеттерге толы. Әр туындының тәрбиелік әрі танымдық сипаты да көрініс тапқан. Жас кейіпкерлердің мінез-құлықтары жақсы дараланған. Бұл шығармалар жас оқырмандарға ерекше әсер етері сөзсіз.

ЦБС, Ф№4, Ф№6, Ф№7, Ф№8, Ф№14, Ф№27, Ф№31, Ф№1ю, Ф№2ю

 56

Алексиевич, С. Соғыстың сұрқы әйелге жат [Мәтін] / С. Алексиевич; (Укр. тіл. ауд. М.Хасен). – Алматы: Мазмұндама қоғамдық қоры, 2022. – 380 б.

«Соғыстың сұрқы әйелге жат» кітабы. Соғыс туралы әлемдегі ең әйгілі кітаптардың бірі. Жиырмадан астам тілге аударылып, көптеген елдің мектеп және жоғары оқу орындарының бағдарламасына енген. «Соғыстың сұрқы әйелге жат» – соғыстың адам төзгісіз жағдайларында өмір үшін жанталасқан әйелдің рухани әлеміне үңілудің озық үлгісі.

ЦГБ, Ф№4, Ф№22, Ф№29

 60

Ахмет О. Тұлпардың соңғы тұяғы [Мәтін] : Роман / О. Ахмет. – Алматы : Мазмұндама , 2022. – 184 бет.

Қытайда тұратын қазақтың даңқты жазушысы, Қытай Мемлекеттік сыйлығының иегері Оразқан Ахметтің «Тұлпардың соңғы тұяғы» ойы оқшау, бітімі бөлек туындыларының бірі. Көптеген роман, хикаят, әңгімелер жазған; шығармалары қытай, корей, ағылшын, араб, жапон секілді оннан аса тілге аударылған қаламгердің бұл туындысын кейбір сыншылар «Оразқан Ахметтің ең үздік шығармасы» деп те атайды. Енесі өлген құлын есекті еміп өседі... Кейін оның бойынан жылқы малына жат оқыс мінез байқалады. Жазушы осы оқиғаны жеріне жеткізе суреттеген. «Қағынан жеру» ұғымын, өз болмысынан ажырау процесін, махаббат пен ғадауаттың, ақ пен қараның арасындағы қарым-қатынасты өмірде болған шынайы оқиға арқылы суреттейді. Кітап жалпы оқырманға арналған.

ЦБС, Ф№4, Ф№22, Ф№29

 58

Ахметова З. Теңбіл тіршілік [Мәтін] / З. Ахметова. – Алматы: Полиграфкомбинат" ЖШС, 2021. – 328 б.

Зейнеп Ахметова бұл кітабында естеліктерін жазған. Бұрын-соңды айтылмаған сырларды ашады. Бақытжан аға екеуінің отбасы болған алғашқы күндеріндегі қиындықтарын жазады. Әрбір шағын әңгімесінен өнеге алуға болады.

Аб, Ф№8, Ф№14, Ф№15, Ф№22

 49

Бөкей О. Қасқыр ұлыған түнде [Мәтін] / О. Бөкей. – Астана: ФОЛИАНТ, 2023. – 320 бет.

Алтайдың асқақ рухты қаламгері Оралхан Бөкейдің бұл жинағына «Сайтан көпір», «Өліара», «Қайдасың, қасқа құлыным» хикаяттары, «Кербұғы», «Айпара ана», «Терісаққан», «Апамның астауы» әңгімелері және «Қасқыр ұлыған түнде» новелласы енген. Автор өз туындыларында өмірдің сан тараулы жолын шебер қиюластырады, адам жанының ішкі сарайына терең үңіледі. Жазушы жануарлардың жан аярлық халі арқылы өзінің ішкі әлемін оқырманға паш етеді. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Аб, Ф№4, Ф№1ю, Ф№2ю, Ф№29

 32

Есенберлин І. Ғашықтар [Мәтін]: Роман / І. Есенберлин. – Алматы: Книжный клуб баспасы ЖШС, 2022. – 308 бет.

Бала кезімде жұрт менің әжемді «Қара кемпір» деп атайтынына таң қалатын да, намыстанатын да едім. Маған әлемде осынау бір шүйкедей, бет-аузы шандыр-шандыр қарт анадан ажарлы, одан сымбатты жан жоқтай көрінетін. Оның: «Құлыным!» — деп күс-күс қолымен басымнан сипағаны маған зор қуаныш, үлкен бақыт болатын, дөрекілеу келген даусының өзі жаныма жалын егіп, көңілімді шалқытып қоя беретін.

ЦБС, Ф№4, Ф№8, Ф№14, Ф№15

 46

Жиенбай Қ. Күн түспейтін терезе [Мәтін]: Әңгімелер жинағы / Қ. Жиенбай. – Астана: ФОЛИАНТ, 2024. – 352 бет.

  Жазушы Қуаныш Жиенбайдың бұл жинағына енген әңгімелерінің дені таза теңіз тақырыбына арналған. Жағалаудағы жерлестерінің сан қилы тағдыры, олардың қайсар мінезі және арпалысқа толы сезімдері аса дәлдікпен суреттелген. Автор шағын әңгімелері арқылы-ақ адам психологиясын ашуға толықтай мүмкіндік барын дәлелдеп, ешкімге ұқсамайтын өз қолтаңбасын анық аңғартады. Кезінде мерзімді басылымдарда жарияланып, оқырман қауымнан жоғары бағасын алған «Қашқын», «Өгей», «Елден жолданған жеделхат», «Ұры», «Күн түспейтін терезе», «Әкім кетіп қалды» секілді әңгімелеріндегі тың ой, тосын шешімдер ешкімді де бейжай қалдырмайды. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Аб, Ф№4, Ф№6, Ф№11, Ф№14, Ф№29, Ф№1ю, Ф№16

 35

Жұмабаев М. Батыр Баян [Мәтін]: Өлеңдер мен поэмалар / М. Жұмабаев. – Қарағанды: Qasym баспа үйі, 2023. – 190 бет.

Мағжан өзінің сырға толы өлеңдерімен, өзіне ғана тән ерекше өрнегімен қазақ поэзиясының падишасына айналды. Оның нәзік лиризмі жүректердің түкпіріндегі сезім пернелерін дөп баса алды. Ал тарихи тұлғаларымыз бен ұлттық болмысымызды жырлаған поэмалары рухымызды асқақтатты. Мағжан өлеңдерін оқысаңыз, бір сәт дамыл табасыз, асыл сөздің құдіреті мен киесін сезінесіз. Кітап көркемсөзді қадір тұтқан барша оқырман қауымға арналады.

ЦБС, Ф№22, Ф№23, Ф№29, Ф№31

 44

Зәкен Т. Көк бөрілердің көз жасы [Мәтін]: тарихи роман / Т. Зәкен. – Астана: Фолиант, 2024. – 564 бет.

«Көк бөрілердің көз жасы» романы Түркі қағанатынан соң ту далада ту тіккен Найман, Керей, Меркіт мемлекеттерінің дәуірлеу және жойылу тарихы арқылы Шыңғыс ханның Алтайдан Атырауға дейінгі қазақ ұлыстарын қалай біріктіріп, біртұтас мемлекетке айналдырғаны туралы ірі тарихи оқиғаға арналған. Романда керей Оң ханның қиын да қидалы тағдыры, Сәнгүннің шарасыздығы, Жамұқаның аярлығы, найман Таян ханның тәуекелі, Бұйрықтың опасыздығы, Көксау Саурық батырдың ерлігі, Құбатекін жыраудың елдің қамын жеп қайғыруы, Күшліктің қарсылығы мен қаталдығы, меркіт Тоқтабек пен ұлдарының қайсарлығы, Шыңғыс ханның жеке басының парасаты мен пендешілігі, қайырымдылығы мен қатыгездігі, әскери таланты т. б. жан-жақты, образды түрде ашып берілген. Романның тілі жатық, оқиғасы қызықты, сюжет пен мазмұн және композициясы шебер үйлесім тапқан. Бұл жолғы басылымында автор жекелеген атаулар мен мазмұндарына ішінара өңдеу жасады.

ЦБС, Ф№4, Ф№11, Ф№29

 48

Исабеков Д. Қарғын [Мәтін]: Роман. Екінші рет басылуы / Д. Исабеков. – Қарағанды: Qasym баспа үйі, 2022. – 320 бет.

«Қарғын» — Дулат Исабековтың 1980 жылы жарық көрген романы. Шығармада бас кейіпкер Жасын мен Бағила арасындағы ерекше қарым-қатынас, биік парасат, сезім мен сенім арасындағы арпалыс жан-жақты сипатталады. Ішкі жан тебіренісіңді ұдайы қозғап отыратын роман терең ойға жетелеп, сансыз сауал санаңа еріксіз ұялайды. Адамның жан дүниесіне рухани төңкеріс жасайтын бұл кітап әсіресе жастар арасында өте танымал.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

ЦБС, Ф№4

 42

Исигуро, К. Жоғалтып алма сен мені..... [Мәтін] : Роман / К. Исигуро ; (Жапон тіл. ауд. Ө. Мұқай). – Астана : ФОЛИАНТ, 2021. – 296 бет.

«Жоғалтып алма сен мені» — «Time» журналының нұсқасы бойынша ағылшынның ең үздік 100 романы тізіміне енген тамаша туынды. Кітап авторының тегі — жапондық, Брэдберидегі Малькольм әдеби семинарының түлегі, Букер сыйлығының лауреаты («Қалған ғұмыр» романы үшін берілген).

Отыз жастағы Кэти — Хейлшем мектебінің тәрбиеленушісі. Ол Хейлшемдегі өмірін — балалық кезеңі мен жастық шағын есіне түсіреді. Шығарма кейіпкерлері кәдімгі адамдардан ерекшеленеді. Өйткені олар — жасанды адамдар. Хейлшем атты клон-балаларды тәрбиелейтін арнайы мектеп-интернатында өскен. Романда автор клондардың жан дүниесін ашуға тырысады. Олардың да кәдімгі адамдар сияқты махаббат, достық атты ұлы сезімді ұлықтайтыны, өмірге құштарлығы баяндалады. Бұл роман-тәмсіл — «Бүкіл өміріңмен қызмет ету» ұғымының нақты іске асырылуы.

Аб, Ф№4, Ф№8, Ф№11, Ф№16, Ф№22, Ф№29, Ф№31

 54

Ихсан Г. Сезім күнделігі [Мәтін] / Г. Ихсан. – Алматы: Мазмұндама, 2023. – 192 бет

Бұл кітап әлемдік әдебиеттің мәңгілік нысаны — махаббат тақырыбына арналған. Кеш жолыққан қос ғашықтың махаббат жолындағы үздіксіз күресі мен ізденісін сипаттайды. Шын махаббатқа қол жеткізудің өзі үлкен өмірлік сынақ болатынын, қуанышы мен қайғысын қайыспай көтере білген адам ғана осынау терең сезімнен ізгілік тауып, жан тыныштығына бөленетінін баяндайтын хикая. Өршіл рухты махаббаттың ұлы күш екенін таныған қос мұңлықтың өмірлік баяны. Махаббат бесігінде тербелген ғашықтардың, қандай қиындық болса да, өмір жолында бірге болуға ұмтылған шырғалаңға толы хикаясы.

ЦБС,  Ф№4, Ф№14, Ф№15, Ф№23, Ф№29, Ф№31

 34

Камерон, С. Аштық жайлаған дала [Мәтін]: Ашаршылық, озбырлық және Кеңестік Қазақстанды орнату / С. Камерон; Ағыл. тіл. ауд. С.Батаева, З. Батаева. – Алматы, 2023. – 304 бет: сур.

Досым Сәтбаевтың жеке мәдени-ағартушылық қоры «Cornell University Press» баспасының арнайы рұқсатына ие болып, белгілі америкалық тарихшы Сара Камеронның «Аштық жайлаған дала. Ашаршылық, озбырлық және Кеңестік Қазақстанды орнату» атты еңбегін «Сөз» әдеби жобасының аясында Қазақстанда жариялап отырғанын қуана хабарлаймыз. 2018 жылдың қазан айында АҚШ Сенаты 1932-1933 жылдары орын алған Украин Ашаршылығының 85 жылдығына байланысты маңызды қарар қабылдады. Алайда бұл қарарда 30-шы жылдары Қазақстанда болған Ашаршылық апаты жайлы тіс жарып ешнәрсе айтылмады. Әлемнің бұл қазақ трагедиясы жайлы хабары өте аз немесе мүлдем жоқ деп айтуға болады, болған күннің өзінде де, ол апаттың себеп-салдарлары жайлы теріс түсініктемелер беріліп жүр. Сіздер қолыңызға америкалық тарихшы Сара Камеронның қаламынан шыққан бірегей туынды, аса сирек ғылыми кітапты алып отырсыздар.

ЦБС, Ф№4, Ф№22, Ф№29

 33

Кекілбаев Ә. Аңыздың ақыры [Мәтін] / Ә. Кекілбаев. – Алматы: Мазмұндама , 2023. – 296 бет.

Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» туындысы - аңыздың ізімен жазылған шығарма. Бұл туынды бастапқыда «Махаббат мұнарасы» деген атаумен жарияланған. Роман «Қызыл алма», «Мұнара», «Махаббат», «Аңыздың ақыры» атты төрт тараудан тұрады. Жазушы аталмыш тарауларда Әміршінің Жаппар шебердің және Кіші ханымның ішкі рухани жан дүниесіне үңіліп, әр кейіпкердің бейнесін асқан шеберлікпен суреттеген. Шығармада оқиғалар философиялық-психолоиялық астармен өрбіген.

ЦБС, Ф№4, Ф№11, Ф№16, Ф№22, Ф№29, Ф№1ю

 47

Көбеев С. Қалыңмал [Мәтін]: Романдар, әңгімелер / С. Көбеев. – Астана: ФОЛИАНТ, 2023. – 184 бет. – (Сөз маржан).

Спандияр Көбеевтің жазушылық және ағартушылық жолы қалың қазаққа кең танымал. Бұл жинаққа автордың «Қалыңмал», «Орындалған арман» атты романдары, «Үлгілі бала» кітабындағы әңгімелері енген. Жазушы шығармаларына өзінің сан қатпарлы ұстаздық жолын, қалтарыс-бұлтарысы көп ғұмырын, әйел, бай мен кедей, билік пен қара халық арасындағы теңсіздік туралы тақырыптарды арқау еткен. Сонымен қатар коммунистік кезеңнің орнауы мен оның халыққа тигізген әсері жайында өз шындығын баяндаған. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

ЦБС, Ф№4, Ф№11, Ф№22, Ф№29, Ф№15, Ф№31

 37

Ковязина К. Бес жыл [Мәтін] / К. Ковязина. – Алматы: Meloman Publishing, 2024. – 199 бет.

Ақерке, Мәдина және Әлия үшеуінің таныстығы перзентханадан басталады. Үйлеріне оралағаннан кейін де бір-біріне әрдайым демеу болып, сыралғы құрбыларға айналады. «Сүйікті жар, аяулы ана» атанған Ақеркенің Мәдина мен Әлиядан өзге құрбысы жоқ, себебі бұған дейін ол отбасылық өмірдің күйкі тірлігіне шырмалып, жарының басыбайлы меншігіндей болып кеткен еді. Жезқазғанда тұратын Әлия үшін Мәдина мен Ақерке жаңа өмірге жетелейтін жандардай қымбат. Жан-жағы «жесір әйел» деп табалағанда жұбататын рухани қорғанындай жақын. Ал Мәдина үшін дүниеге сәби әкелу жаңа бір «жобаны» қолға алудай болып көрінген, бірақ ол босанғаннан кейінгі жан күйзелісін ескермеген екен. Ол Әлиямен және Ақеркемен күнделікті шүйіркелсіп қана құлазыған көңілін алдаусыратады. Әрбір әйел өмірге сәби әкелгенде сан түрлі қиындыққа ұшырайды, дене бітімі өзгеріп, психологиялық тұрғыда жәрдемге зәру болады. Жауапкершіліктің жүгі қашан да ауыр. Түн ұйқысын төрт бөліп жаңа туған сәбиді бағу, жолдасының көңілін тауып, мінезінің тосын құбылыстарына дайын болу, мағынасыз митың тірлік секілді мезі қылар мәселе көп. Дегенмен аталған үш әйел бір-бірін үнемі қолдап, апалы-сіңілідей өзара қамқорлық танытудың арқасында бұл қиын-дықтарды еңсереді.

ЦБС, Ф№4, Ф№22, Ф№15

 45

Мағауин, М. Көк мұнар [Мәтін]: Роман / М. Мағауин. – Алматы: Атамұра, 2020. – 256 б.

Көрнекті жазушы Мұхтар Мағауиннің «Көк мұнар» романындағы еркін ойлы, өр мінезді, білімді жас ғалымның арман-мұраты мен ғылыми ортасы және бастан кешкен сезім толғаныстары оқырманын бейжай қалдырмайтыны анық. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Ф№6, Ф№22, Ф№15, Ф№14

 51

Момышұлы Б. Москва үшін шайқас [Мәтін]: Роман / Б. Момышұлы. – Қарағанды: Qasym баспа үйі, 2022. – 518 бет.

Даңқты батыр Бауыржан Момышұлының қаламынан туған бұл роман түгелдей тарихи шындық пен нақты дәйекті оқиғаларға құрылған. Роман мазмұны Екінші дүние соғысының отын тұтатқан неміс басқыншыларына қарсы соғыста елін қорғаған ержүрек ерлер, соғыс зардабы, шабуыл мен қорғаныстың айлатәсілдері, батырлық пен шешімталдық, туған жер, достық, сағыныш сынды құндылықтарды баяндайды. Аталған тарихи оқиғалардың бел ортасында автордың өзі болуы – шығарма құндылығын арттыра түседі. Роман оқушылар мен жасөспірімдерге, шынайы оқиғаға құрылған көркем шығарма сүйер барша оқырманға арналған.

ЦБС, Ф№4, Ф№7, Ф№1ю, Ф№2ю

 55

Момышұлы, Б. Соғыс психологиясы [Мәтін]: Хроникалық кітап / Б. Момышұлы; (Орыс тіл. ауд. А. Ментебаева). – Алматы: Книжный клуб баспасы ЖШС, 2022. – 256 бет.

Кеңес және шетелдік қаламгерлер Б. Момышұлын Мәскеу түбіндегі ұрыста (бұл туралы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» романында баяндалған) өзінің батылдығының арқасында жауынгерлерді жауға қарсы шабуылға көтерген аты аңызға айналған комбат, сондай-ақ «Артымызда Мәскеу» (1958), «Генерал Панфилов» (1963), Абай атындағы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алған «Біздің семья» (1976) тәрізді кітаптар авторы ретінде жақсы таниды. Кітапқа Б. Момышұлының 1943–1945 жж. ғалымдар, жазушылар, жауынгерлер мен саяси қызметкерлер алдында сөйлеген сөздері, дәрістері, басынан өткен оқиғаларға, Ұлы Отан соғысының психологиясына жауынгерлік, қаламгерлік, педагогтық көзқарасы жайлы кейбір хаттары енді. Кітап жалпы оқырман қауымына арналады.

ЦБС, Ф№4, Ф№6, Ф№14, Ф№16, Ф№22, Ф№1ю, Ф№2ю, Ф№29

 43

Мұртаза Ш. Интернат наны [Мәтін]: Таңдамалы / Ш. Мұртаза. – Алматы: Дария Дамыту Орталығы, 2023. – 160 бет.

Балалар әдебиетінің жарық жұлдызы Шерхан Мұртаза шығармаларында өмір шындығын аса көркем суреттеп, оқырман жүрегіне мөлдіретіп жеткізеді. Жазушының балалық шағы сұрапыл соғыспен тұспа-тұс келіп, өмір ерте есейтеді. Бұғанасы қатпастан еңбекке араласып, ересектермен бірге жұмыс істеді. Өмір туралы көзқарастары, таным-түйсігі әлдеқайда тым ерте қалыптасып, жаман мен жақсының не екенін тым ерте айыра білді. Жазушының сол қасиеті осы кітаптағы әңгімелерінен айқын байқалады.

Ф№7, Ф№14, аб, Ф№1ю, Ф№2ю

 52

Мырзахмет П. Өмірдің аты [Мәтін] / П. Мырзахмет. – Алматы, 2022. – 180 бет.

Адам өмірін өзгертетін сәтті күтіп жүреді. Сол сәтті елестетеді, қиялдайды, жоспарлайды. Бірақ өмірді және оны қабылдауды өзгертетін сәт пен ойлар табан асты. Оларды байқай алу, олардың әсерін бағалай алу, оларға дайын болу — жарты жеңіс. Ең бастысы — сол шешуші сәтке дейін де, кейін де махаббат және мейіріммен өмір сүру. Ең бастысы — қай сәтте жүрекке бағынып, қай сәтте миды тыңдайтыныңды түсіну.

ЦБС, Ф№11, Ф№22, Ф№29

 36

Нұржекеұлы Б. Бейтаныс әйелдің құпиясы [Мәтін]: Әңгімелер / Б. Нұржекеұлы. – Алматы: Атамұра, 2020. – 336 бет.

Жазушының бұл жинағына тек әңгімелері ғана топтастырылды. Бір қарағанда, мұндағы әңгімелердің негізгі арқауы әйел мен еркектің арасындағы әр қиылы қатынастар мен алуан дәрежелеі сезімдер ғана секілденеді. Тереңірек үңілгенде, оның астарындағы адалдық пен арамдық, елсүйгіштік пен парасаттылық, жан мәдениеті мен тән мәдениетінің де сан қыры салмақтанатынына көз жетеді. Әңгімелердің бәрінде дерлік шытырман сюжеттен бұрын шытырман сезімдердің арпалысы алдыға шығады.

Әңгімелер жазылған уақыты бойынша реттеліп берілді.

ЦБС, Ф№4, Ф№8, Ф№11, Ф№14, Ф№16, Ф№29, Ф№31

 59

Салғараұлы, Қ. Тоғысқан тағдырлар [Мәтін] : Повестер, әңгімелер / Қ. Салғараұлы. – Алматы : Мазмұндама, 2023. – 252 бет.

Қойшығара Салғараұлы – халқымыздың тарихын зерттеп, танымдық дерегі мол шығармаларды жазып жүрген жазушы. Оқырманға ұсынылып отырған «Тоғысқан тағдырлар» атты кітабы – шоқтығы биік шығармалардың бірі. Кітап көпшілік оқырманға арналады.

ЦГБ, Ф№4, Ф№11, Ф№22, Ф№29, Ф№31, Ф№1ю

 41

Мұратбеков С. Ескек жел [Мәтін] / С. Мұратбеков; Әңгімелер. – Қарағанды: Qasym баспа үйі, 2021. – 214 бет.

«Ескек жел» — Сайын Мұратбековтің «Qasym kitaphanasy» сериясы бойынша шығып отырған екінші кітабы. Осыған дейін «Қылау» шыққан еді. Онда жазушының балалар тақырыбына жазған әңгімелері жинақталса, бұл жолы жасөспірімдер мен ересектер оқитын туындылары біріктірілді. Бұл әңгімелер әлдеқашан оқырманын тауып үлгерген, жаңадан өсіп жетілген ұрпақ үшін де әр кез жаңа жазылған шығармадай болып, сыршыл әлемнің есігін ашып отырады.

ЦБС, Ф№6, Ф№7, Ф№11, Ф№15, Ф№22, Ф№23, Ф№31

 39

Отарбаев М. Біз күткен бақыт [Мәтін] / М. Отарбаев. – Алматы : Шабыт, 2021. – 192 бет.

Кітапқа жазушы Мәлік Отарбаевтың қазіргі қоғам, замана тынысы, ұлттық руханият туралы әңгімелері мен эсселері топтастырылған.

Өмірлік құндылықтар мен тұлғалық қасиет, адамгершiлiк пен көркем мiнез, нұрлы акыл мен асыл сезiм қалыптастыру тұрғысындағы ойлары мен көзқарастары оқырманға терең ой салады, көкірекке сәуле түсіріп, рухани әлемін байытады.

Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.

ЦБС, Ф№6, Ф№22, Ф№23

 39

Отарбаев Р. Қыз Данайдың қырғыны [Мәтін]: Роман, хикаяттар / Р. Отарбаев. – Астана: ФОЛИАНТ, 2024. – 184 бет. – (Сөз маржан).   

Қазақ прозасының көрнекті өкілі, жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың бұл кітабына «Қыз Данайдың қырғыны» романы және «Шыңғыс ханның көз жасы», «Дүние ғайып», «Бесқасқа Беріштің хикаясы», «Төрттаған» хикаяттары еніп отыр. Қаламгер шығармаларында өмірдегі қайшылықтар мен күрестерді рухани ішкі қайшылықтармен астастырып береді. Тарихи һәм бүгінгі заман кейіпкерлерінің табиғатын, мінезін шебер суреттей отырып, бәріне ортақ «мәңгілік мәселелер» жайлы терең ой қозғайды.

ЦБС, Ф№4, Ф№11, Ф№15, Ф№22, Ф№29, Ф№31

 38

Сүлейменов А. Бесатар [Мәтін]: Повесть / А. Сүлейменов. – Қарағанды: Qasym баспа үйі, 2022. – 158 бет.

Асқар Сүлейменов – жазу стилімен, айшықты тілімен, тың идеясымен өзге жазушылардан оқшауланып тұрады. Қаламдас жазушылардан айрықшалануына оның өнердегі, әдебиеттегі модернизмді жетік меңгеруі әсер етті. Қолыңыздағы кітапта берілген «Бесатар» повесі – қазақ әдебиетіндегі модернизмнің алғашқы мысалдарының бірі. Сөз өнері мен тарихты ұштастырған бұл повесте 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің шындығы көркем жеткізілген. Кітап барша әдебиетсүйер қауымға арналады.

ЦБС, Ф№4, Ф№8, Ф№23, Ф№31, Ф№29, Ф№22, Ф№11

 53

Шамұратова Ж. Сандық [Мәтін]: новеллалар, детектив, әңгімелер / Ж. Шамұратова. – Астана: ФОЛИАНТ, 2023. – 320 бет. – (Бүгінгі проза).

Жадыра Шамұратованың бұл кітабына әңгімелері мен новеллалары, сондай-ақ құлдыққа түскен жігіттің басынан кешкені жайлы хикаяты еніп отыр. Жазушының шығармаларына өмірді ұстап тұрған мейірім мен адамгершілік, үміт пен сенім ұғымдары арқау болған. Қаламгер күйбең тіршілік көлеңкесіндегі сан қилы тағдыр жайын баяндап, адамның түрлі ішкі сезімдерін суреттейді. Сонымен бірге бұл жинақта бірқатар детектив әңгімелер берілген.

ЦБС, Ф№4, Ф№6, Ф№8, Ф№11, Ф№22, Ф№29, Ф№31, Ф№1ю

Яндекс.Метрика