30 қаңтар күні №8 кітапхана-филиалында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Латын әліпбиі – рухани жаңғыру бастауы» атты зияткерлік тренинг өткізілді. Мақсаты: қазақ тілін латын графикасына көшірудің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат тарату, қоғамдық пікір қалыптастыру. Шараға №74 ОМ-тің оқушылары және мектеп кітапханашысы Қалмағанбетова Ғ. Қ. қатысты. Оқырмандарға латын әліпбиі туралы, әліпбидің алғаш шығу тарихы, әлем халықтары арасында таралуы, қазіргі заманда әліпбидің қолданылуы және біздің елімізге қажеттілігі туралы әңгімеленді. Кітапханашы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» бағдарламасында айтқан сананы жаңғырту жобаларына тоқталып, қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуінің маңыздылығы туралы кеңінен түсінік берді. Балалардың білімін тексеру мақсатында шағын викториналық ойын өткізіліп, тақырып бойынша оқырмандардың сұрақтарына жауап берілді. Қорытындысында «Латын әліпбиі – рухани жаңғыру бастауы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.