1 ақпан күні М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханасының абонемент залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қоғам және мемлекет қайраткері Шәбден Ералиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Тарих толқынындағы тағдыр» атты интерактивтік көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: жастардың туған өлкеміздің тарихы туралы білімдерін арттыру, тарихтың әртүрлі кезеңдерінде қайсарлықпен ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың өнегесінде тәрбиелеу. Көрменің салтанатты түрде ашылуына Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар Департаментінің жас қызметкерлері қатысты. Көрмеде ұсынылған материалдар небәрі 30-ақ жыл өмір сүрген қысқа ғұмырында өз ісіне адал болуға күшін салған, жаңалыққа, жақсылыққа жаны құмар болған азамат, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысушы Шәбден Ералиевтің өмірі мен еңбек жолы туралы мәліметтер берілді. Шара барысында оқырмандар 2017 жылдың 20 желтоқсанында Астана қаласында тұсаукесері болып өткен тарих ғылымдарының кандидаты Құндызай Ерімбетованың «Тарих толқынындағы тағдыр. Шәбден Ералиев» атты жаңа кітабының мазмұнымен, негізгі идеологиялық мақсатымен таныстырылды. Ш.Ералиев жайлы кітап Отан тарихына және оның көрнекті тұлғаларының өмірі мен қызметіне қызығушылық танытушы оқырман қауымға арналған. 

ф1ф2ф3



Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика