7 ақпан 2018 жылы №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана-филиалы Октябрь аудандық әлеуметтік қызмет көрсету бөлімімен бірлесіп мүгедек балалар үшін Қарағанды қаласы күніне арналған «Жүрегімнің астанасы –Қарағанды» атты ғажайыптар алаңы ойынын өткізді. Мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балаларды адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу; туған өлке жайында білімдерін кеңейту; мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тақырып бойынша кітаптарды оқуға және көпшілік шараларға тарту.Шара барысында қатысушыларға кітапханашы Сарычева С.В. және әлеуметтік қызмеркер балаларға сұрақ қою арқылы Қарағанды қаласының қалыптасу, даму тарихы мен жаңадан бой көтерген әсем қаламыздың қалай өзгергені туралы көптеген ақпарат берді. Қаламыздың көрікті жерлері мен мәдени ескерткіштерімен виртуалды саяхат арқылы таныстырылды. Кеш соңында «Мақтанышым Қарағанды» атты кітап көрмесіне жедел шолу жасалды. асалды.