8 желтоқсан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханасында  «Латын жазуы – мемлекеттік тілдің тірегі» тақырыбында ашық мінбер өтті. Іс шараның мақсаты: мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, латын жазуына кезең-кезеңмен өтуді насихаттау. Шараға Қарағанды қ. Орталық Қазақстан Академиясының «Тіл және аударма» факультетінің қазақ тілі оқытушысы Бейсен Дәурен және 1-3 курс студенттері, №41 ЖББОМ 9 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында тіл және аударма факультетінің оқытушысы Бейсен Д. латын әліпбиіне көшудің қажеттілігі мен себептері, артықшылқтары туралы әңгімеледі, латын графикасы негізінде қабылданған қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы еліміздің түркі әлемінің мәдениетімен еркін араласуына жол ашатыны және ұлттық ерекшеліктерімізді сақтауға ықпалы  жөнінде түсінік беріп өтті. Қорытындысында қатысушылар жаңа әліпбиді талдап, пікір алмасып, ашық мінберден бұл бастаманы қолдайтындары туралы өз ойларын білдірді. Шараға «Латын әліпбиіне көшу – мемлекеттік міндет» атты кітап көрмесі ұсынылды және бейнеролик көрсетіліп, қазақ тілінің жаңа әліпбиінің нұсқасымен таныстырылды. Барлығы 25 адам қатысты.

 DSC 0203DSC 0208DSC 0220

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика