14 желтоқсан күні №6 кітапхана - филиалында медициналық колледждің 2 курс студенттері үшін қазақ тілінің латын графикасына көшуіне арналған «Латын әліпбиіне - жаңа қадам, жаңа жол» атты әдебиеттердің ашық көрмесі өткізілді. Мақсаты: жастарды қазақ әліпбиінің латын графикасына негізделген жаңа үлгісімен таныстыру, латын жазуына көшудің негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және келешегін қамтамасыз ету жөнінде ақпарат беру, студенттердің бойында патриоттық сезімін тәрбиелеу. Шара барысында қатысушыларға Қазақстан Президенті Н.Назарбаев атап көрсеткендей, қазақ тілінің реформасы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының маңызды мәселелерінің бірі болып табылатыны туралы ақпарат берілді. Латын жазуына көшу идеясы еліміз тәуелсіздік алғаннан бері айтылып келеді. Елбасы латын әліпбиіне көшу жөнінде бірлесе шешім қабылдау қажеттілігі мен бұл үдерістің тарихи маңызыдылығын баса айтты. Кітапхана мен әртүрлі ұйымдарда латын әліпбиінің бірінші және екінші үлгісі бойынша талқылау шаралары өткізілді. Студенттер латын жазуының интернеттің, ІТ-технологияның дамуына, білім алуға, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілікті арттыруға жол ашатынын әңгімелеп, қазақ әліпбиінің жаңа жобасын қолдады. Шараға дайындалған «Латын әліпбиі - рухани жаңғырудың темірқазығы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.