28 қараша күні №11 балалар кітапхана-филиалының кітапханашылары Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында №83 ЖББОМ 9 сынып оқушылары  үшін «Латын әліпбиі - мемлекеттік тілдің сенімді тірегі» атты  ақпараттық дайджест өткізілді. Іс-шараның мақсаты: қазақ тілінің жаңа әліпбиге көшуінің артықшылықтарын түсіндіру.  Шараның  модераторы кітапхана меңгерушісі  Тимашева Л.С. қазақ тілінің латын графикасына негізделген жаңа әліпбиімен таныстырып, латын әліпбиіне көшудің қажеттілігі,  көшу себептері мен артықшылықтары туралы мағлұмат берді. Қатысушылардың назарына «Қазақ әліпбиіндегі латын жазуы» атты слайд-презентация ұсынылды және «Қазақ тілі латын әліпбиімен» атты кітап көрмесінің әдебиеттеріне шолу жасалды.

20171129 103253 min20171129 103304 min20171129 104524 min20171129 105202 min

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика