23 қараша күні №11кітапхана-филиалында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Латын әліпбиі – жарқын болашақтың бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты: қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің ұтымды жақтарын түсіндіру. Шараға ҚарМУ филологиялық факультетінің, қазақ тілі кафедрасының оқытушысы Тұрсынова М.А, Қарағанды облысының жастар  ресурстық орталығының маманы, ақын  Асқаров Қайрат Белгібайұлы, «Болашақ» колледжінің студенттері шақырылды. Қарағанды облысының жастар  ресурстық орталығының маманы, ақын  Қ.Б.Асқаров қатысушыларға қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу қажеттілігі және оның себептері мен артықшылықтары жөнінде әңгімеледі. Сонымен бірге, латын графикасына негізделген жаңа әліпбидің әлемдік түрік мәдениетінің дамуына көп үлес қосатынын және Қазақстанның түркі әлеміндегі өз орнын сақтап қалуына ықпал ететінін атап өтті. Шараның қорытындысында жаңа әліпбидің нұсқасы талқыланды, қазақ тілінің ерекшеліктерін сақтай отырып латын жазуына көшу алгоритміне қолдау көрсетті. Қатысушылардың назарына арнайы әзірленген «Латын әліпбиі – жарқын болашақтың бастауы» атты кітап көрмесі ұсынылды.

20171123 11183420171123 11335920171123 115552 2

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика