№27 кітапхана-филиалының кітапханашылары № 21ЖББОМ 8 сынып оқушылары үшін «Теңге – тарихымыздың бір бөлшегі» атты ақпарат минутын өткізді. Мақсаты: оқушыларды ұлттық ақшамыз - теңгенің даму тарихымен таныстыру, мемлекеттік нышандарды құрметтеуге тәрбиелеу. Шара барысында Президенттің 1993 жылғы 12 қарашадағы Жарлығымен басталған теңгенің тарихымен және ұлттық ақшаның авторларымен таныстырылды. Қазіргі біздің теңге республикамыздың тәуелсіздік нышаны екендігі жөнінде түсінік берілді. Шараның қорытындысында «Қазақстанның ұлттық ақшасы» тақырыбына викторина өтткізілді. Барлығы 16 адам қатысты.