8 маусым күні М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада «Балалардың өмірі қауіпсіздікте болсын» атты өзекті әңгіме шарасы өтті. Шараның мақсаты: оқушыларды өмір қауіпсіздігін сақтау, үйде және көшедегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Балаларды өздерінің жеке басының және қоршаған адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, қауіпті жағдайлардың алдын-алып, өзіне және басқаларға көмек көрсете білуін қалыптастыру. Шараға №41 және №52 орта мектептердің жанындағы жазғы лагерьлердің балалары шақырылды. Кәсіптік тұрғыдан ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін шараға Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар Басқармасының бас мамандары Ғ.Т. Қалыбеков, Д.Оспанова, өрт қауіпсіздігі бойынша инженер А.У.Абеуов және «Қызыл ай» қоғамының мамандары С.Б.Хамитжанова, М.Д.Омарова қатысты. Шара барысында мамандар балалардың денсаулығы мен өмірін сақтауға қатысты негізгі қауіпсіздік шараларының ережелерімен таныстырды. «Қызыл ай» қоғамының мамандары төтенше жағдайларда адам өміріне қауіп төнгенде алғашқы көмек көрсету ережелерін ойын түрінде және практика жүзінде түсіндіріп өтті. Көшеде, үйде, суға шомылу кезінде тыйым салынатын іс-әрекеттер балаларға арналған бейнеролик арқылы түсіндірілді. Балаларға өрт және судағы қауіпсіздікті сақтау іс-әрекеттері бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті әзірлеген жаднамалар таратылды. Шараға әзірленген «Төтенше жағдай және азаматтық қорғаныс» атты кітап көрмесінде көрмеде ұсынылған «Өмір қауіпсіздігін сақтау негіздері», «Мектепте және үйде өмір қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау», «Денсаулық» еліне саяхат», «Бәрін, бәрін білгім келеді» атты кітаптарға шолу жүргізілді.

DSC 0094DSC 0130DSC 0161 копия

Яндекс.Метрика