29 мамыр №12 балалар кітапхана-филиалында оқу залында «Карлаг – біздің тарихымыз, жан жарамыз» атты репрессия құрбандарын еске алу күніне арналған слайд-көрме өтті. Мақсаты: Отанымыздың өткен тарихын еске алу, жас ұрпақты демократиялық бостандықты құрметтеуге үйрету. 1997 жылғы 5 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенті қаулысымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандары күні болып бекітілді. Шара барысында жүргізушілер елімізде осы тұрғыда өте көп ескерткішкер бар екендігін айтып өтті. Күнделікті күйбелең тірлікте біз тарихымызда болған осынау қиын күндерді естен шығарып алатынымыз анық. Алайда бұл қайғы-қасірет біздің қаламызбен тығыз байланысты. Шара барысында балалар «репрессия» деген ұғымның астарымен танысып, ондағы ащы шындық сол жылдардағы Карлаг құрбандарының өмірінен мәлметтер алып, «31мамыр - Саяси репрессия құрбандарын еске алу» күні видеоролигін көрсетілді.

SAM 8860SAM 8879

Яндекс.Метрика