2018 жылы 4 мамыр күні № 83 ОМ оқу залында № 7 кітапхана-филиалының қызметкерлері оқушыларға арнап оқу залында «Өткен ерліктің сенімін ақтау» атты әскери дилижанс өткізілді. Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру. Жас ұрпақты тарихымызды тереңінен тануға баулу. Еліміздің тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Шара жүргізушінің құттықтау сөзімен басталды. Сол сұм соғыстың бізге тигізген зардаптары мен соғыстан болған қасіреттер жайында айтып таныстырды. «Ұлы Отан Соғысының – 73 жылдығына» арналған бейнеролик көрсетілді. Қарағанды қаласынан шыққан батырларымызды айта отырып, олардың ерліктерімен таныстырды. Көрнекілігі: кітап көрмесі, слайд презентация.

7 71 72

Яндекс.Метрика