4 мамыр күні М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада Ұлы Жеңіс күніне орай «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» атты естеліктер вахтасы өткізілді. Шараның мақсаты: оқырмандарды адамгершілікке тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілітерін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысы тарихымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. Іс-шараға № 54 ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.М.Ғазизова мен 7 «в» сынып оқушылары, № 35 ЖББОМ Ю.Н.Павлов атындағы кадет мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі З.А. Қуаныш пен оқушылары қатысты. Шара барысында жүргізушілер 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа мәңгі енгендігін айтып өтті. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы тұсындағы талай ақын-жыршылар шығармашылығына арқау болды. № 54 ЖББОМ оқушылары Қ.Серікбаева, Н.Нұрайым, Ғ.Алихан, Т.Санжар және № 35 ЖББОМ Ю.Н Павлов атындағы кадет мектебнің 8 сынып оқушылары К.Әбішева, В.Колисниченко, Асем Сармантайдың айтқан әні көпшілік оқырмандарды тәнті етті. «Ешкім де, еш нәрседе ұмытылмайды» атты видеоролик көрсетіліп, «Ұмытылмас жолдар» атты кітап көрмесіне кітапханашы Г.Қосжан шолу жасады.