3 наурыз күні  №11 балалар кітапхана-филиалының кітапханашылары 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында «АҚҚУ» балалар бақшасының кішкентай суретшілері үшін «Біздің анамыздың мерекесі» атты шығармашылық зертханасын өткізді.   Шараның мақсаты: балалардың бойында әйелдер қауымына, анаға деген сүйіспеншілік пен мейірімділікті тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, кітап пен оқуды насихаттау.  Шара барысында балаларға өздерінің сүйікті аналарының портретін салу ұсынылды, суреттерді әділқазылар алқасы бағалады. Балалар аналарына арнап өлеңдер оқыды, мейірбан әжелері айтқан ертегілерді еске түсіріп, әңгімеледі. Қорытындысында жас суретшілер шағын тосын сыйлармен марапатталды.  Кітапханашылар топтың фойесінде ата-аналарды балалар кітапханасына шақыру билеттерін қалдырды.

P1200502 minP1200562 minP1200597 min 

Яндекс.Метрика