1 наурыз күні М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада Алғыс айту күніне арналған «Алғысымыз шын жүректен» атты кездесу кеші өтті. Шара Қазыбек би аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің қатысуымен және №52 ЖББОМ оқушыларымен бірлесіп ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: жас ұрпақты Қазақстанда пайда болған жаңа мерекемен таныстыру, «Халықтарға алғыс айту күні» ұғымының мәнін ашып түсіндіру, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті, ұлтаралық келісімді, әртүрлі этностар арасындағы достастықты нығайту; балаларды кішіпейілділікке, достастыққа, бейбітшілік пен бірліктің асыл құндылықтарына тәрбиелеу. Шара барысында жүргізушілер Қазақстандағы алғыс айту күнінің мәні мен маңызы туралы түсінік беріп өтті. Кешке қатысушылар алғыс білдіруге арналған шаттық шеңберін құрып, туған ел мен жерге, Елбасымызға, мемлекетке, ата-анаға, досқа, қоғамға, табиғатқа алғыс айтылды. Кеш қонақтары Червова Евгения Михайловна, Шевченко Нина Михайловна, Светличная Таисия Семеновна, Кадомцева Нина Степановна ата-бабасының қазақ жеріне келу тарихы туралы әңгімелеп, ризашылық сөздерін білдіріп, жүректен шыққан өлең шумақтарын оқыды. Лингва колледжінің студенті Төлеутай Фариза «Ана» әнін және №52 орта мектеп оқушылары «Туған жерім», «Менің Республикам» әндерін шырқады. Кеш қорытындысында қатысушылар «алғыс айту» тақтасына өз лебіздерін жазды. Шараға әзірленген «Бірлік пен ынтымақ – біздің байлығымыз» атты кітап көрмесімен таныстырылды. Шараға 30 адам қатысты.