2018 жылы қаңтар айында ҚР ең бірінші Конституцясының қабылданғанына 25 жыл толуына орай №31 кітапхана-филиалында «Бірінші Конституция – мемлекеттің төлқұжаты» атты кітап экспозициясы безендіріліп, оқырмандар еліміздің басты құжатының қалыптасу тарихын баяндайтын құжаттармен таныстырылды. Мақсаты: еліміздің басты Заңы туралы білімдерін тереңдету, қазақ халқының өткен тарихына қызығушылықты арттыру. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы парламенттік республика моделінің негізінде Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 28 қаңтарда XII рет шақырылған IX сессиясында қабылданды. Экспозицияда ұсынылған алғашқы Конституция жөніндегі материалдар Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы туралы құнды ақпараттар алуына мүмкіндік берді.