2023 жылдың 7 ақпан күні «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында «Тарихтан сыр шертеді менің қалам» жобасы аясында «Қазыналы құтты өлке» тақырыптық кездесу кеші өтті. Кездесуге арнайы шақырылған қонақтар Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағатының бөлім басшысы Беркун Ольга Евгеньевна; академик, Суретшілер одағының мүшесі Қалқабаев Мұрат Абдрахманұлы; Қарағанды облыстық ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі архив директоры Аршабеков Темірғали Тілеубекұлы. Іс-шарада модератор қонақтарға қала күні туралы мағлұмат беріп. Суретші Мұрат Әбдіраймұлы Қарағанды бейнеленген суреттерімен, каталогымен таныстырды, Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің әншісі Ерден Төлеуханұлы «Город мой» әнін орындады және Қасым Аманжоловтың «Қарағанды» өлеңін оқыды. Арнайы шақырылған қонақтар қаланың құрылу тарихы, көшелері жайлы мәліметтер берді. №4 кітапхана филиалының меңгерушісі Д.М.Ақпанбек менталды картамен таныстырды, «Тарихтан сыр шертеді менің қалам» жобасы аясында жасөспірімдерге қызмет көрсететін №2 кітапхана филиалының қызметкерлері «Менің қаламның көшелері» тақырыбында Зелинский көшесінің тарихы бойынша ақпарат берді. Облыстық мұрағат өкілі қала тарихына байланысты құжаттармен таныстырып өтті.

Den goroda 2   Den goroda 3   Den goroda 4

Яндекс.Метрика