2023 жылдың 2 ақпан күні «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Ұлт рухының айғағы – «Қазақ» газеті» атты тақырыптық кездесу өтті. Кездесуге арнайы шақырылған қонақтар ҚР құрметті журналисті, жазушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Жанысбай Сүйіндік Жұмабайұлы, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жақан Жұпар Рысқұлқызы, «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі, ақын Шалқар Жәлел Қуандықұлы. Шараның мақсаты: «Қазақ» газетінің шығу тарихымен таныстыру, Алаш мұрасын жас ұрпаққа оқытудың тәрбиелік тиімділігін зерделеу, газеттің ұстанған бағыт-бағдарын, мақсаттарын сараптау. Кездесуде тақырыпқа байланысты слайд көрсетіліп, «Қазақ» газеті – Алаштың ұлттық мінбері» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Qazaq gazeti   Qazaq gazeti1   Qazaq gazeti2

 

Яндекс.Метрика