2023 жылдың 24 қаңтар күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің коворкинг орталығында "Тарихтан сыр шертеді, менің көшем" жобасы аясында "Өнерлі бала" поэзия-шығармашылық клубы ашылды.
Клубтың мақсаты — балалардың бойындағы қабілетті шыңдау, өз еркімен шығармашылығын арттыру, жас буын дарынның өнерге, білімге деген құштарлығын өрістету, рухани дамуына көмектесу. Елін, жерін, тілін ардақ тұтып оған адал азамат болып шығуына ықпал жасау. Клуб мүшелерінің әдебиетке, қазақ жырына, ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттырып, кітапханаға және кітап оқуға тарту.
Клубтың ашылуына Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жақан Жұпар Рысқұлқызы және Ресурстық тіл орталығының әдіскері Рымғалиева Ақбота Бақтығалиқызы қатысты.
 
Onerli bala 1 otyrys   Onerli bala 1 otyrys 1   Onerli bala 1 otyrys 2
Яндекс.Метрика