25 қаңтар күні "Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де «Менің жас кезімдегі Қарағанды» атты ретро стильде кітапхана түні өтті. Кітапхананың жас қызметкерлері 7 бөлімнен тұратын «Кітапханалық квест» ойынын ойнады. Бұнда кітапханашылар 3 командаға бөлініп, әр команда өзінің ұранын, команда атауын, капитанын таңдады. Әр командаға карта беріліп, сол карта бойынша кітапханашылар тапсырмаларды орындады. Қарағанды қаласының әр жылдардағы елтаңбаларына түсініктеме беру, Қарағандыға байланысты шығармалардың үзінділерін қордағы кітаптардан қарау, каталог, кітап, стеллаж сөздері қолданылған ребус шешу, Қарағанды көшелері аталған танымал адамдардың өмірбаяндары бойынша сол адамдардың есімдерін табу, Қарағандыдағы ескерткіштер бойынша пазл жинау сияқты ойындарын ойнады.

Biblionocs 1   Biblionocs 2   Biblionocs 3   Biblionocs 4   Biblionocs 5

Яндекс.Метрика