2022 жылғы 28 қарашадан 2023 жылғы 20 қаңтарға дейін Ж. К. Бөкенов атындағы Қарағанды банк колледжінің "Ақпараттық жүйелер" мамандығының студенттері Камел Аян мен Асоухан Мәди М. Әуезов атындағы ОҚК-де оқу практикасынан өтті.
Тәжірибе барысында студенттерге олардың тәлімгерлері – практикадан өткен бөлімдердің мамандары көмектесті. М. Әуезов атындағы ОҚК ұжымы студенттердің теориялық дайындық деңгейін, олардың білімдерін практикада қолдана білуін, сондай-ақ олардың тәртіптілігі мен ұйымшылдығын жоғары бағалады. Кітапхана ұжымы болашақ бағдарламашыларға өз ісінің нағыз маманы болуды тілейді!
 
Praktika 1   Praktika 2
Яндекс.Метрика