2022 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» КММ-нің қолдауымен «Қарағанды қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің» оқырмандары Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Әкімжанов Халел Рахимұлының қатысуымен Қазақстанның халық жазушысы, драматург, тарихшы, зерттеуші ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, Мемлекет сыйлығының лауреаты Мұхтар Мұқанұлы Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесінің ашық іс-шарасы өткізілді.
Шара барысында ОКЖ қызметкерлері повестен көрініс көрсетті, тоғыз түрлі ұяшықтан сұрақтар қойылып, оқушылар өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, Мұхтар Мұқанұлы Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесін талдау барысында Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Әкімжанов Халел Рахимұлы белсене қатысып, оқушылардың ой-толғауын толықтырып және өзінің пікірін ашық, жарқын жеткізіп отырды. Талқылаудан жастар өздеріне ғибратты мағлұматтар алды. Шараға Н.Нұрмақов атындағы облыстық мамандандырылған мектеп интернатының, А.Байтұрсынов атындағы гимназия, «№88 ЖББМ» оқушылары, Шахтер стадионы жанындағы балалар-жасөспірімдер клубының мүшелері белсене қатысты.
 
279203255 529653955497086 1695772169961057020 n   279521622 529654512163697 521058269630381532 n   279557797 529654468830368 2569708434018012955 n
Яндекс.Метрика