2022 жылдың 29 сәуір күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада 1-мамыр Қазақстан халықының бірлігі күніне орай «Достық аллеясын» ашу салтанаты өтті. Аллеяны ашуға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушылары, кітапхана оқырмандары, кітапханашылар қатысты. Кітапхана оқырмандары, кітапханашылар балалармен бірге әртүрлі талдар көшеттерін екті. Қай ұлттың да ұғымында көк өскін – саулықтың кепілі, өркендеп өсу мен гүлденудің белгісі. Тұратын жеріңді көгалдандыру мен көркейту – тағылымды һәм жасампаз іс. Сондықтан бұл аллея достықтың белгісіндей жайнап өсетін болады деген сенімдеміз.

279475583 529597515502730 8340590305272941018 n   279526073 529597488836066 5810660728754937056 n   279555771 529597412169407 7261061165955181640 n

 

Яндекс.Метрика