2022 жылдың 12 мамыр күні «Қарағанды қаласының мәдениет тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де 2022 жыл «Балалар жылы» деп жариялануына және М.О.Әуезовтің 125 жылдығына орай М.О.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесі мен «Қараш-қараш оқиғасы» повесіне талдау жасап, эссе жазу байқауы өтті. Байқаудың демеушісі Қоғам қайраткері, «Халық алғысы» мерекелік медалінің иегері, «Нәтиже» компаниясы мен «220 VOLT» компаниясы, «Qasym kitaphanasy»-ның бас директоры Әшім Ерлан Мұқатайұлы. Байқауға өтініш білдірген 15 пен 20 жас аралығындағы 20-ға жуық үміткер іріктеліп, үздік деп танылған 10-ы ақтық сында бақ сынасты. Байқауға «Qasym kitaphanasy»-ның менеджері Бухаралы Нұрбану, Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің филология факультетінің, қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Төлеубаева Камшат Аманбайқызы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Ғазиза Смағұлова, Облыс әкімінің гранты, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, «Ұлы дала ұстазы» медалінің иегері, «Ерен еңбегі» медалінің иегері, Оқу ісінің үздігі - Күліш Төлеуханова, жоғары оқу орын студенттері, оқушылар, ұстаздар және кітапханашылар қатысты. Байқауда қазылар алқасы жазылған эсселердің оқып жеткізу мәнеріне, сахна мәдениетіне баса назар аударып, кемшіліктерін де ескертті. Қатысушылардың барлығына Алғыс хат пен «Арқа батырлары» атты кітабы табысталды. III орынды 3 адам 15 мың теңгелік сертификаттарына ие болды (Кәрібай Ақерке, Ергашбаева Айдана, Аманбаева Акгуль). II орында 2 адам 20 мың теңгелік сертификатына ие болды (Бағдатқызы Зейнеп, Оразхан Айкенже). I орын 1 адам 30 мың теңге сертификатына ие болды (Әуесбек Айғаным). Бас жүлде 50 мың теңгелік сертификатына ие болды (Жумабекова Жанар).