Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада 2022 жылдың 21 сәуір күні "Мемлекеттік рәміздер — ұлт мақтанышы" ақпараттық шолуы өткізілді. Іс-шараның қонағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның жұмыс тобының мүшесі Кабулова Шахмарал Майбекқызы болды. Іс-шараны ашқан Шахмарал Майбекқызы мемлекеттік мекемелерде стандарттарды қолдану тәжірибесі техникалық реттеу саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын атап өтті.Ол барлық қатысушыларға ақпараттық-насихаттық жұмыстар мақсатында баяндалғанды неғұрлым кең түсінуді және мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды қалыптастыру бойынша қолдануды ұсынған презентацияны көрсетті.
Қатысушылар қызықты ақпараттық шолу үшін Шахмарал Майбекқызына алғыстарын білдірді.