Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Жұртбай Тұрсын Құдакелдіұлымен  кездесу кеші

2022 жылы 14 сәуір күні М.О.Әуезовтың 125 жылдығына орай Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-сі Қарағанды Облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-мен бірлесе Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан педогогикалық ғылымдар академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Жұртбай Тұрсын Құдакелдіұлымен М.О.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы өмірлік және көркемдік шындық» атты тақырыбында кездесу кеші өтті. Кеш қонақтары: Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің тілдерді дамыту жөніндегі бас маманы Бөрібаева Ұлжан Бескемпірқызы, «Saryarqa aqparat» ЖШС директоры, Жазушылар одағының мүшесі, журналист Қамбар Ахмет, Қарағанды Облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Исбекова Әйгерім Әуезқызы, Облыс әкімінің гранты, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, «Ұлы дала ұстазы» медалінің иегері, «Ерен еңбегі» медалінің иегері, Оқу ісінің үздігі - Күліш Төлеуханова, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Смағұлов Жандос Қожахметұлы, Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің филология факультетінің, қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Төлеубаева Камшат Аманбайқызы; филология ғылымдарының кандидаты Бабашов Азат Мақсұтбекұлы, «BoIashaq» академиясы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сембаев Құрманғазы Зәкірұлы, Сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдері («Орталық Қазақстан», «Saryarqa» арнасының маманы), жоғары оқу орындарының студенттері мен оқушылар, кітапханашылар мен оқырмандар қатысты. Кездесу кеште Тұрсын Жұртбайдың өмірі, шығармашылығы, еңбек жолы жайлы модератор мәлімет беріп өтті. Кеш қонағы Тұрсын Құдакелдіұлы өзінің зерттеу жұмыстары жайында толығырақ мәлімет беріп өтті. Тұрсын Жұртбай жайында «Тұғырлы тұлға» атты бейне презентация көрсетілді. Н.Нұрмақов атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттың 8 сынып оқушысы Байдүйсенова Адина Серік Сағынтайдың «Қысты күтем» өлеңін, М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңін 7 сынып оқушысы Мәжит Бекжан, Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай өткізген көркем сөз байқауының жүлдегері Халықаралық, Республикалық байқаулардың жүлдегері Бейсен Нұрмұхаммед Бейсен «Қалың елім қазағым» өлеңін, Абайдың «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» әнін Серік Сейтқазин, «Қараңғы түнде тау қалқып» әнін Көрікбаев Хамит орындады.

278583085 519969043132244 6212712726930466320 n        278568024 519969243132224 868496125508533114 n

Яндекс.Метрика