2022 жылдың 16 наурыз күні «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де "Өлке тұлғалары" кітапханалық тележобасы аясында «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегері, «Мәдениет саласының үздігі», Қарағанды жоғары Гуманитарлық колледжінің директоры, Қарағанды қалалық маслихатының депутаты Амиров Есжан Сарманқұлұлымен "Өнерлі ұстаз" атты кездесу кеші өтті. Кездесу кештің қонақтары: ақын, эссеист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Абай» атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақсұңқарұлы; эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Досымжан Қарпықұлы Таңатаров; «Ақниет» ансамблінің мүшелері; «Замандас» клубының мүшелері; ардагер ұстаздар, «Лингва» колледжі мен жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері, кітапханашылар мен оқырмандар қатысты. Іс-шарада модератор өлкетану бөлімінің меңгерушісі Айткүл Төлеуханова оқырмандарға Есжан Сарманқұлұлының өмір жолы мен еңбектері жайында айтып өтті. Кездесу кеште ақынның «Сарыарқа», «Ардагерлер», «Қызылорда» әнінің клиптері тыңдалды. Шараны құттықтау сөзімен ақын Серік Ақсұңқарұлы ашты. Кездесу кештің қонағы өзінің еңбек жолы мен шығармашылығы, әндерінің шығу тарихы жайлы кеңінен әңгімеледі, Амиров Есжанның әніне жазылған өлеңдері шырқалды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Досымжан Таңатаров желіде қосылып, кеш қонағына өзінің жылы лебіздерін білдірді. Кеш барысында «Ақниет» ансамблінің мүшесі Серік Сейтқазин «Шайтанкөл» әнін, Есжан Сарманқұлұлының шәкірттері Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің 2-курс студенттері композитордың «Арман» әнін орындап, оқырмандар өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Кеш соңында Меруерт Башайдың орындауындағы Қарағанды вальсінің клипі көрсетілді.

275886566 501583468304135 3108826024655929212 n   275998024 501583421637473 3855724009163895956 n
   

Яндекс.Метрика