2022 жылдың 13 наурыз күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Наурыз мейрамының алғашқы мерекесі Көрісу күніне арналған «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын» атты тақырыптық шара өткізілді.
Мерекелік кештің басты мақсаты: көрісу мейрамы туралы түсінік беру. Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету.
Кешіміздің қонақтары Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, танымал қаламгер Рымтай Шөкейқызы қатысушыларға домбырада әсем ән салып, мерекелік шарамызды әрлендіре түсті. Тұрақты оқырманымыз Нұрахметов Тілеуғабыл қонақтарға ақ батасын берді. Кітапханамыздың кішкентай оқырманы Тойшибекова Лунара «Анам менің алтын» әнін, Тілеуғабыл Нұрәлі «Наурыз» өлеңін нақышына келтіріп орындап берді. Наурыз тойымен қатар, кішкентай бүлдіршініміздің тұсау кесер тойы қатар келіп, тұсаукесер рәсімі көрсетілді. Кеш соңында «Наурыз тарту» кітап көрмесіне шолу жасалып, қонақтар естелікке суретке түсті.

наурыз   наурыз1

Яндекс.Метрика