2022 жылы 18 ақпан күні "Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі КММ"-сі "Қасым үйінде" "Рухани жаңғыру" өңірлік кеңсесімен бірлесіп "Ақындар сөзі - тәрбие көзі" атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешке арнайы шақырылаған қонақтар, жерлес ақындарымыз Жәлел Шалқар, Қайрат Иманбеков, Ерік Нарын. Кездесу кешке Қарағанды гумманитарлық колледжінің 3 курс студенттері мен оқытушылары арнайы шақырылды. Іс шара барысында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 2 курс студенті Әуесбек Айғаным Ерік Нарынның "Жанашырыма", Қайрат Иманбековтың "Арманның құсын биік ұшырып", Қарағанды медицина университетінің 3-курс студенті Айтмағамбет Аружан Қайрат Асқардың "Алаш анатомиясы", Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің 2-курс студенті Наргиз Екпінбай "Қасымға арнау" өлеңін тарту етті және "Есіл" өнер студиасының домбыра жетекшісі Темиреев Ерасыл Қаршыға Ахмедияровтың Нұрғиса Тілендиевке арналған "Арнау" күйін тарту етті.

273892296 485046439957838 2094221275044565006 n   273987569 485046403291175 9088140633754807229 n   274066741 485046333291182 3336362813706368372 n

Яндекс.Метрика