18 ақпан күні «Қарағанды қаласының ОКЖ» КММ «DAMU KENISTIGI» коворкинг-орталығында спорт сүйер қауым мен кітапхана оқырмандары үшін үстел теннисінен мастер-класс өткізілді. Оны үстел теннисінен спорт шеберіне кандидат, «Үстел теннисінен олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» КММ жаттықтырушы-оқытушысы Түсіпбеков Әлібек Елеубекұлы және олимпиадалық резерв мектебінің оқушылары өткізді. Жаттықтырушы мен оқушылар үстел теннисіндегі ойынның барлық негізгі қыр-сырын көрсетті: дұрыс тұру, ракетканы ұстау, беру техникасы, «кесу» және «домалату» түріндегі соққылар. Шара соңында кітапхана оқырмандары чемпиондарға қарсы ойында өз күштерін сынады.