№4 кітапхана-филиалы қазақтың ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл толуына орай «А.Байтұрсынов: ақыл-ойдың данасы» атты тарихи ақпараттық кеш өткізді. Шараға №12 ОМ оқушылары қатысты. Мақсаты: қазақтандық патриотизмді, өз Отаны мен туған халқы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, А.Байтұрсыновтың өмірбаянымен, қызмет жолымен таныстыру. Шара барысында А.Байтұрсыновтың тарихи мұрасы жөнінде, оның адал қызметі мен билік алдындағы халық мүддесі үшін жасаған батыл әрекеттері жайлы әңгімеленді. Осындай ұлы тұлғаның бейнесі жастарға өнеге етуге, азаматтыққа тәрбиелеуге әсері мол, оның шығармашылық мұрасы өзектілігін жойған емес. Кеш қорытындысында кітапханашылар суретті кітап көрмесіне шолу жүргізіп, А.Байтұрсыновтың өмірбаяны мен қызметіне арналған әдебиеттермен және тарихи құжаттармен таныстырды.