17 желтоқсан күні М.Әуезов атындағы қалалық кітапхана қызметкерлері ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай «6505» әскери бөлімінде сарбаздарға арналған «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты тарихи - әдеби кеш өткізді. Мақсаты: сарбаздарға Тәуелсіздікке жету жолында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан боздақтардың ерліктері жайлы түсінік беру, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен таныстыру, Отанға деген сүйіспеншіліктері мен патриоттықты дамыту. Шара «6505» әскери бөлімінде Қазақстан Мемлекеттік Әнұранымен ашылды, кітапханашылар Тәуелсіздік тарихынан ақпарат берді және сарбаздар тәуелсіздік құрбандары туралы өлеңдер оқыды. «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты видеоролик көрсетілді, сарбаздар өз кезегінде Отанға әрдайым адалдықпен қызмет етуге, желтоқсандықтарды естерінде сақтауға ант берді. Кеш соңында сарбаздар хормен «Көк тудың желбірегені» әнін шырқады. Шараға 50 адам қатысты.

12

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика