6 желтоқсан күні №22 кітапхана-филиалында көпшілік оқырмандар үшін для массового читателя был проведен урок милосердия «Жан жылуын сыйлайық» атты мейірімділік сабағы өтті. Мақсаты: қайырымдылық, жақындарыңа қамқорлық жасау сияқты жалпы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, балалардың бойында мүмкіндігі шектеулі жандарға деген мейірімділік, жанашырлық, төзімділікпен қарау сезімдерін тәрбиелеу. Шара барысында 1992 жылы Біріккен Ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясы 3-желтоқсанды «Халықаралық мүгедектер күні» деп жариялағаны туралы мәлімет берілді. Бұл күн қоғамға көмек пен қолдауды қажет ететін, солай бола тұра рухы мықты, өздерін бейнелеу өнерінде, көркемөнерпаздықта, спортта көрсете білетін жандарды еске түсіретін күн. Олардың өмірге деген құштарлығы мен болашаққа сенімі басқаларға үлгі екендігі жайлы түсінік берілді. Шара қорытындысында балалар көңілді өлеңдер оқып, ойындар ұйымдастырылды. Барлығы 17 адам қатысты.