7 желтоқсанда №5 балалар кітапхана-филиалының кітапханашылары №85 ЖББОМ 7 сынып оқушылары үшін «Қазақстан шежіресі» тақырыбында тарих шеңбері шарасын өткізді. Мақсаты: патриоттыққа, өз Отанын сүю және мақтан тұтып, құрмет крсету сезімдерін тәрбиелеу, егеменді Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Шара барысында қатысушылар еліміздің тарихы жайлы білімдерін тереңдете түсті, Қазақстанның қазіргі кезеңдегі жетістіктермен танысты. «Мен өз елімнің патриотымын» атты слайд көрсетілді, және балалар өлеңдер оқыды, тарихи тақырыптағы викторинаға қатысыты, «Менің Қазақстаным» атты электронды кроссвордты шешуге атсалысты. Шараға «Қазақстан – тәуелсіз мемлекет» атты кітап көрмесі ұсынылды, Қазақстанның картасы, «Мен өз елімнің патриотымын», «Бұл осылай болған» атты видеороликтер көрсетілді. Шараға 30 адам қатысты.